Жексенбі, 24 Қараша 2024
1289 0 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 16:14

СІМ: Қырғыз жүргізуші куәлігіне тыйым салынған жоқ!

Сурет: adyrna.kz

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі азаматтары Қазақстанда жүргізуші куәлігіне қатысты қиындықтарға тап болып жатыр дегенге қатысты пікір білдірді.

Мекеме мәліметінше, Қазақстан мен Қырғызстан 1968 жылдың 8 қарашасында қабылданған "Жол қозғалысы жөніндегі" БҰҰ-ның Вена конвенциясының мүшесі. Бұл құжатқа сәйкес, мүше елдер азаматтардың жүргізуші куәлігін өзара мойындайды.

Бірақ соған қарамастан Қырғызстан тарап кейбір қазақстандық полиция халықаралық талапты сақтамай, қырғыз жүргізушілерден куәлікті ауыстыруды талап етіп жатады деп атап өтті.

"Қазақстан тарапына ішкі істер министрлігіне қарайтын тиісті мекемелерге ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуді ұсындық. Келіссөз нәтижесінде қазақстандық тарап қажетті түсіндіру жұмысы жүргізілгенін, алда тағы келеңсіздік болып жатса, дереу мән беруге шақырды", - деп хабарлады Қырғызстан СІМ.

Бұл мәселе бойынша Қазақстанның ІІМ өкілдерімен кездесу жоспарланғаны да айтылды.

Жогорку Кеңеш депутаты Эмиль Токтошев 8 ақпанда Қазақстанда тұрып жатқан қырғыз азаматтары жүргізуші куәлігімізді қазақстандық тарап мойындамай жатыр деп шағымданғанын жеткізген. Депутат бұл мәселені шешу үшін қырғыз үкіметіне қайрылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 мыңға жуық қырғыз азаматы тұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618