Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4231 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 17:59

Алғашқы жылдардағы алғашқы басшылар

Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ және Жезқазған облыстарын құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы 1973 жылы наурыздың 20-шы жұлдызында қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ облысы орталығы Шевченко қаласы болып өмір сүре бастады. Облыс құрамына Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары және оларға қарасты қала типті поселкелер мен ауылсоветтер, Маңғыстау ауданы енгізілді. Сондай-ақ осы Жарлық негізінде Маңғышлақ облысы құрамында жаңа екі аудан – Бейнеу мен Ералиев аудандары құрылып, Гурьев облысы құрамында болған Өзен ауданы таратылды. Осы оқиғаның ертеңіне наурыздың 21-і күні жаңа құрылып жатқан Маңғышлақ облысының орталығы Шевченко қаласында облыстық партия активінің жиналысы өтіп, онда Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев сөз сөйлеп, республикадағы бұл жетістіктерді, жаңа облыстардың ашылуын Кеңестер Одағы Компартиясы Орталық комитетінің және оның Бас хатшысы Л.И.Брежневтің өзінің қолдауымен жүзеге асып отырғандығын атап өтеді және осы жиында Тұтқабай Әшімбаевты халыққа белсенді партия қайраткері, адал азамат ретінде таныстырып, бұдан әрі жаңадан құрылып жатқан облысқа талантты басшы бола алатынына сенім білдірген болатын.

Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ және Жезқазған облыстарын құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы 1973 жылы наурыздың 20-шы жұлдызында қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ облысы орталығы Шевченко қаласы болып өмір сүре бастады. Облыс құрамына Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары және оларға қарасты қала типті поселкелер мен ауылсоветтер, Маңғыстау ауданы енгізілді. Сондай-ақ осы Жарлық негізінде Маңғышлақ облысы құрамында жаңа екі аудан – Бейнеу мен Ералиев аудандары құрылып, Гурьев облысы құрамында болған Өзен ауданы таратылды. Осы оқиғаның ертеңіне наурыздың 21-і күні жаңа құрылып жатқан Маңғышлақ облысының орталығы Шевченко қаласында облыстық партия активінің жиналысы өтіп, онда Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев сөз сөйлеп, республикадағы бұл жетістіктерді, жаңа облыстардың ашылуын Кеңестер Одағы Компартиясы Орталық комитетінің және оның Бас хатшысы Л.И.Брежневтің өзінің қолдауымен жүзеге асып отырғандығын атап өтеді және осы жиында Тұтқабай Әшімбаевты халыққа белсенді партия қайраткері, адал азамат ретінде таныстырып, бұдан әрі жаңадан құрылып жатқан облысқа талантты басшы бола алатынына сенім білдірген болатын. Осы сәттен бастап Тұтқабай Әшімбаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің Маңғышлақ облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы, көп ұзамай Қазақстан КП Орталық Комитетінің Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін 1980 жылға дейін зор абыроймен атқарды.

1973 жылы сәуірдің 2-сі күні Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің ХІІІ-шақырылы-
мының ұйымдастыру сессиясы «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің жиналыс өткізу залында өтті. Ұйымдастыру сессиясын облыстық кеңестің ардагер депутаты, Маңғыстау аудандық атқару комитетінің төрағасы Төлеген Қағазов ашты.

Т.Қағазов сөз басында Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ және Жезқазған облыстарының құрыл-
ғандығын жариялап өтіп, «Жаңа облыстардың құрылуы Қазақстанның өндірістік күшінің өркендеуіне жоғары мүмкіндік береді және оның болашағы зор екендігі бәрімізге де аян» деп
көрсеткен. Ұйымдастыру сессиясына барлығы 37 депуат қатысқан. Сессияға Қазақстан КП Орталық Комитетінің Маңғышлақ облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы Тұтқабай Әшімбаев қатысып, сессияны ашық деп жариялады. Сессияның төрағалығына Фатеев Николай Евсеевич, хатшысы болып Изимова Дәмет сайланды.

Маңғышлақ облысының құрылуы сәтінде өткізілген алғашқы сессияда күн тәртібінде алдымен еңбекші депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын және еңбекші депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің мүшелерін сайлау, облыстық бөлім меңгерушілері мен басқарма басшыларын сайлау және облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасын тағайындау мәселелері қаралды.

Сессия барысында Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттары Кеңесінің төрағалық қызметіне Гуляев Николай Александровичтің кандидатурасы ұсынылып, дауысқа салу нәтижесінде бірауыздан Гуляев Н.А. Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттары Кеңесінің төрағасы болып
сайланды. Осыдан кейін Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттары Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып Исентаев Қожанияз Байтенұлы, ал 1-ші орынбасардың міндетін атқарушы қызметіне Бименов Ояз және Циркунов Василий Иванович сайланған. Облыстық еңбекші депутаттары Кеңесі комитетінің хатшылық қызметіне Игіліков Тұрарбек Игілікұлы тағайындалды.

Маңғышлақ облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне Атшыбаев Әбу Атшыбайұлы тағайындалып, комитет құрамына барлығы 7 адам бекітілді. Олар: Атшыбаев Әбу Атшыбайұлы – облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Лобанов Виктор Сергее-
вич – азот-түк зауытының слесарі, Кольвах Петр Иванович – Қазақстан компартиясының облыстық комитеті жанындағы партия комиссиясының төрағасы, Жүнібеков Аман – Қызылөзен асыл тұқымды мал өсіру зауытының зоотехнигі, Карин Ғани – облыстық комсомол комитетінің 2-ші хатшысы, Ульченков Александр Васильевич – облыстық кәсіподақ кеңесінің хатшысы, Утегенов Мустафа Жалеевич – Шевченко қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы.

Осы сессия барысында облыстық атқару комитетінің мүшелерін сайлау туралы ұсыныс түсіп, оның құрамына 13 адам,олар: Әшімбаев Тұтқабай Әшімбайұлы – Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Маңғышлақ облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы, Әбуталіпов Талғат Абдулхакович – Шевченко қалалық еңбекші депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Ахтанов Калекес – облыстық ауылшаруашылық
басқармасының бастығы, Брагин Иван Никитич – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы, Мирошхин Олег Семенович – Қазақстан компартиясы Орталық комитеті ұйымдастыру
бюросының мүшесі,Сытнюк Валентина Павловна – мұнаралы кранның жүргізушісі (МСУ-26 мекемесі), Ермұхамбетов Шапағат – облыстық жоспарлау бөлімінің төрағасы, Пак Андрей Иванович – облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Тимонин Виталий Иосифович–«Маңғышлақмұнай» бірлестігінің бастығы және облыстық еңбекші депутаттары Кеңесінің төрағасы – Н.А.Гуляев, оның орынбасарлары – Исентаев Қожанияз Байтенұлы, Бименов Ояз, Циркунов Василий Иванович бірауыздан сайланды.

Әрине, Қазақстан Республикасы үшін болашағы аса зор, қуатты өндірістік-экономикалық аймақтың алғашқы қалыптасу жылдарында ұйымдастырылған шаралар мен қарбалас еңбекті, ондағы тұлғалар жайында бір мақалаға сыйғызып жазу мүмкін еместігі белгілі жайт. Дегенмен осы мақала соңында облыстың алғашқы қалыптасу жылдарында ел мүддесі үшін басшылық қызмет атқарған, облыс экономикасының қалыптасып дамуына өз үлестерін қосқан басшы азаматтардың аты-жөндерін көрсетіп кетуді жөн көрдік. Маңғышлақ облыстық еңбекші де-
путаттары кеңесі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Комаров Евгений Борисович, облыстық атқару комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі – Межевикина Анна Сергеевна, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі – Өтеғазиев Шәкірат Нұржанұлы, облыстық еңбек ресурстарын пайдалану жөніндегі бөлімнің меңгерушісі – Брижак Валентина Сергеевна, облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі – Жанболатова Ибаш
Жанболатқызы, облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі – Пак Андрей Иванович, облыстық юстиция бөлімінің меңгерушісі – Ларюков Григорий Семенович, облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі – Жаукин Садык Нысанбаевич, облыстық құрылыс және архитектура ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі – Кривов Александр Сергеевич, облыстық коммуналды шаруашылық бөлімінің меңгерушісі – Асанов Ерлан Иксанбекович, облыстық баға бөлімінің меңгерушісі – Голощапова Галина Михайловна, облыстық тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ету басқармасының бастығы – Дүйсенғалиев Қанат Кадимович, облыстық ішкі істер басқармасының бастығы – Брагин Иван Никитич, облыстық кинофикация басқармасының бастығы – Сәрсекенов Жолдас, облыстық мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы – Есполов Хабибулла, облыстық кәсіптік- техникалық білім басқармасының бастығы – Старцев Григорий Васильевич, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы – Ахтанов Халекес Ахтанұлы, облыстық сауда басқармасының бастығы – Тимошенко Владимир Дмитриевич, облыстық тас жолдар басқармасының бастығы – Есипов Виктор Аркадьевич, басылымдардағы мемлекеттік
құпияны қорғау жөніндегі облыстық басқарма бастығы – Жұмағалиев Хисмет Науенұлы, облыстық байланыс басқармасының бастығы – Оржанов Сәлімгерей Қапанұлы, облыстық статистика басқармасының бастығы – Бекмағанбетов Орман Тұрмағанбетұлы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы – Осадчий Николай Леонтьевич, облыстық баспасөз ісі, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі басқарма бастығы – Запорожский Виталий
Яковлевич, облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы – Ермухамбетов Шапағат Құспанұлы, облыстық «Казсельхозтехника» бірлестігінің төрағасы – Әміров Сапуан, облыстық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі комитеттің төрағасы – Сақбаев Сержан Сафидуллаұлы, облыстық тұтыну одағы басқармасының төрағасы – Нұрғалиев Сағынғали, ауыл-шаруашылық тағамдар сапасы және сатып алуы жөніндегі бас инспектор – Семионичев Владимир Павлович.

Алғашқы жылдардағы алғашқы қарбалас еңбек, қордаланған мәселелерді шешу қоғамдағы қай саланың да басшылары мен қызметкерлеріне үлкен талап пен жауапкершілікті жүктеді. Бұл кезең бүгінгі күннің алғашқы баспалдағы еді.

Ақпарат көзі: "Маңғыстау". Аяужан Жолболдиева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419