Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Саңлақ 2249 14 пікір 15 Ақпан, 2024 сағат 17:43

Головкин Құлыбаевтың орнын баса ма?

Депутаттардың федерацияларды қоршауға алған олигархтардың спортқа пайдасы жоқ деген сынынан кейін ҰОК басшысын сайлау басталды. Сайлауда атақты боксшы Геннадий Головкин басты үміткер болып отыр.

Дауыс беру 26 ақпанға жоспарланған.

Сондай-ақ, бұл күні ҰОК вице-президенттері сайланады. Мұнда ешқандай өзгеріс жоспарланбаған деседі. Мәселен, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент болып жайғасса, жазғы спорт түрлері бойынша - Данияр Әбілғазин, Ал халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президент Андрей Крюков болуы мүмкін.

Серік Сәпиевтің кандидатурасы паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент лауазымына, ал Жанар Өтешева ҰОК бас хатшысы лауазымына ұсынылатын болады.

Головкин сайланған жағдайда мұндай вице-президенттердің жанында тәуелсіз тұлға бола алмайтыны және отандық олимпиадалық спорттағы жағдайды түбегейлі өзгерте алмайтыны анық.

Еске сала өтсек, дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңінде АОК вице-президенті лауазымына қайта сайланған болатын.

Айта кету керек, Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бастап АОК Орталық Азия аймағына төрағалық етеді, ал 2019 жылы әріптестерімен қайта сайланған болатын. Ол сондай-ақ Ұлттық Олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Вице-президенті және ХОК комиссиясының мүшесі Олимпиада 365 (Olympism 365).

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 798
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1034
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 975