Сенбі, 23 Қараша 2024
1195 3 пікір 5 Наурыз, 2024 сағат 15:28

Министрлік: Утилизация алымы арзандамайды

Сурет atpress.kz сайтынан алынды

Қазақстанда утилизация алымын арзандату мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлады.

"Қазір алым мөлшерін арзандату қарастырылып жатқан жоқ. Шетелдік автокөліктерді тіркеу кезінде алынатын төлем бойынша тиісті шаралар техникалық регламент талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын әкелуді шектеу үшін ғана емес, отандық автоөндірісті дамытуға қаржы жіберу мақсатында енгізілді", – деген министрлік Астанадағы утилизация алымына қарсы адамдармен кездесу қорытындысы жөніндегі хабарламасында.

Министрлік алым бойынша қабылданған шаралар отандық автокөлік өндірісі мен қалдықтарды басқару жөніндегі ішкі инфрақұрылымда бәсекені жақсартуды көздейді дейді.

"Аталған мәселелерге тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып, барлық керек құжатты көрсетіп шешу керек", – деген министрлік.

ҚазТАГ 4 наурызда түрлі өңірден жиналған бір топ адам утилизация алымын жоюды талап етіп Астанаға барғанын хабарлады. Наразы топ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерімен кездесуге, оларға өз ұсыныстарын айтып, алғашқы тіркеу кезіндегі төлем және утилизация алымын жою талабын жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Олардың сөзінше, 2016 жылы Қазақстанда алғашқы тіркеу кезіндегі төлем енгізілген соң көліктердің орташа пайдалану мерзімі 20 жылдан 24 жылға дейін өскен.

2024 жылдың басынан бері Қазақстанның бірнеше өңірінде утилизация алымын арзандатуды талап еткендер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ақпан айында Орал қаласында шамамен 70 адам халыққа қызмет көрсету орталығы маңына жиналып, утилизация алымын 200 мың теңгеге дейін азайтуды талап етті. Оған дейін Ақтөбеде үш жүздей адам шетелден әкелінген көліктердің алғашқы тіркеуіне төленетін ақша мөлшерін және утилизация алымын азайтуды талап етіп, биліктің келісімі бойынша митинг өткізді.

2015 жылы Қазақстанда жаңадан құрылған "Оператор РОП" компаниясы жарамсыз көліктердің бөлшектері мен майын өңдегені үшін ұсталатын утилизация алымынан пайда тапқан. БАҚ пен белсенділер бұл компанияға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның қатысы бар деп айтқан. 2020 жылдың басындағы дерек бойынша, үш жылда "Оператор РОП" ЖШС шотына 220 миллиард теңге түскен. Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырды. Артынша оның атқарып келген міндеті "Жасыл даму" компаниясына өтті.

2022 жылы белсенділердің көптеген наразылық акциясынан кейін билік утилизация алымын екі есе азайтқан, бірақ наразылар ол шешімді сынаған. Белсенділер утилизация алымының мөлшері әлі жоғары және оны жинау механизмінде ашықтық жоқ дейді.

2023 жылы Астана соты "Оператор РОП" компаниясының бұрынғы басшылары мен бұрынғы экология министрінің орынбасарын 7 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Бес жыл ішінде "Оператор РОП" 700 млрд теңге (1,5 млрд доллар) жинаған.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373