Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2299 11 пікір 6 Наурыз, 2024 сағат 16:22

Жылқылар қырылып жатыр

Сурет: aikyn.kz

Көктемнің аты келсе де, заты келмей тұр. Қардың әлі де ерімеуі салдарынан жайылымға шыққан малдар азық таппастан арам өліп жатыр. Сарышұнақ аяздағы қырылып қалған малдардың санына жету мүмкін емес. Бұл туралы Ұлытау мен Ақмола облыстарының шаруалары дабыл қағуда.

"Үкіметтен ешқандай шара жоқ, сол себепті мал қалай қырылды, солай қырылып жатыр. Далада болсын, қорада болсын. Енді шөпті жазда дайындауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Маңайдың бәрі жыртылып тастаған. Баяғы екпе шөптердің бәрін жыртып тастаған", – деді Зеренді ауданының тұрғыны Темірбек Ғалымов.

Мұндай жұттың салдарынан қырылған малдардың иелерін де анықтау қиындық тудырып жатыр. Ұлытау облысында да жағдай мәз емес. Тіпті ауыл әкімдерінің өзі қырылған малдың есебін анықтай алмай әлекке түсіп жатыр.

"Өлген малдарды анықтау мүмкін болмай тұр. Ақтас кентінен 90 шақырымда мал өлгені тіркеліп тұр. Оған баруға ешқандай мүмкіншілік жоқ. Көп жерде мал иесінің қателігі екені айтылып жатыр. Мен оған келіспеймін. 2023 жылы қуаңшылық болып, шөп дайындау мүмкін болмады. Аздаған ғана шөп дайындалды. Ол қорадағы сиыр мен қойға ғана жеткілікті", – деді Ақтас кентінің әкімі Дулат Сүлейменов.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2858
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893