Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3359 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:05

Сон Паскаль: «Қазақ қызымен танысу арқылы осы елге келдім»

Сон Паскаль- қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүрген өзге нәсілдің өкілі. Өзгеден басым түскені сол, ол- елге келген аз уақыттың ішінде қазақша сөйлеп, қазақша ән айту арқылы тыңдарманын тауып үлгерді. Өзіміздікілердің мынау тұрған Ресей сахнасында өнер көрсетіп, маңдайы жылтырай қалса төл тілімен туған отанына осқырына қарайтынын ескерсек, Сонға сүйсінбеске амал жоқ. «Мен Шымкенттік ағылшын жігітпін» деп шырқайтын әншінің қазақ болуға құмартатындығында қандай сыр бар. Бұл шынайы жүректен туған ән бе, әлде қазақтың қонақжайлығын аңдаған жігіттің арамза «әзілі» ме? Оны өзінен сұрап көрелік.

- Сон мырза, сізді қазақ тілін үйреніп жатыр дегенді естіп едік. Бүгінгі қазақшаңыз «бесіктің» қай деңгейіне жетті?
- Қазақстанға келгеніме бір жарым жылдай уақт болды. Келгеннен бастап қазақ тілі мен орысшаны меңгеру үстіндемін. Бірақ тілді алдымен айналадағы дос жаранмен ауызекі сөйлесу арқылы үйренсем деймін. Содан соң арнайы тіл маманын жалдап, грамматикасын игерсем деген ойдамын. Ал, әзірге нан тауып жеуге жетерлік қазақшам бар.
-Қазақстандықтар жаппай ағылшын тілін үйренуге ұмтылып жатқан уақытта, ағылшындық жігітті Қазақстанға келіп, қазақша сөйлеуге итермелеген қандай құдірет. Өзіңіз бұл сәйкессіздіктің астарына үңіліп көрдіңіз бе?

- Менің Ұлыбританияда үш жылға жуық қызмет еткенім рас. Бірақ менің ныспым- Италяндық. Сол жақта туып өскенмін. Тіпті, төлқұжатымда да италян азаматы деп жазылған. Қазақстанға келуімді тағдырмен байланыстырамын. Ал, қазақ тілге деген құрметім жайында сұраған сауалыңызға келер болсам, кез келген азамат өзі тұрып жатқан мемлекеттің тілін меңгеріп, мәдениетін мойындауы тиіс деп ойлаймын.
- Астанаға біржола қоныс тепкеніңіз рас па?
- Иә, рас. Астанаға қоныс тепкеніме үш айдан асты. Болашақта өз өмірімді осы қаламен байланыстырсам деген ниетім бар.
- Сізді Қазақстанды сүюге итермелеген қазақ қызына деген махаббатыңыз деседі. Мұны жоққа шығармайсыз ба?
- Менің қазақ қызымен танысу арқылы осы елге келгенім рас. Бұдан соң қазақ халқының төл тарихы мен мәдениеті, өзгеден ерек салт-дәстүрі осы елде қалуыма себеп болды.
- Сонда сізді қазақ қызының бойындағы қандай қасиеттері еліктірді. Құпия болмаса сіздер отбасын құрып үлгердіңіздер ме?
- Жоқ, біз отбасын құрмадық. Өйткені дәл қазіргі уақытта жақын дос ретінде ғана араласып тұрамыз.
- Жалпы еуропалық арулар мен қазақ қыздарының арасында айырмашылық бар ма?
- Жалпы айырмашылық нәсіліне қарай келбетінде болмаса, әйтпесе бүгінгі қыздардың барлығының мәдениеті бірдей. Негізінде көп дүние отбасындағы ата-ананың тәрбиесіне байланысты көрінеді. Соның ішінде қазақ қыздары сыпайылығы, үлкенді сыйлай білетіндігімен ерекшеленеді.
- Сіздің Қазақстанды таңдаудағы шешіміңізді ата-анаңыз қалай қабылдады. Болашақта олардың да бауыр еті баласы үшін біздің елге келуі мүмкін бе?
- Ата-анамның бұл жаққа келуі екіталай. Өйткені олар менің бұл шешімімді әу бастан құптамады. Әзір де менің бұл таңдауымды жақтырып отырғандары шамалы.
- Сонда сіздің ата-анаңыздың біздің елдегі азаматтық қоғамның жай- күйіне көңілі толмай ма, неліктен сіздің шешіміңізбен келіспейді?
- Қайсы ата-ана өз баласының көзден таса жырақта жүргенін қалайды дейсіз. Ана деген баласы үйден аттап басса алаңдайтын жан емес пе? Алайда, өз басым жүрек қалауымның қара басымды қаңғыртпасына сенемін.
- Білуімше, сіз Рим мен Миланда өз атын қалыптастырып үлгерген жас әншілердің бірі екенсіз. Шетелге шығуға келгенде шоу-бизнесі бізден анағұрлым алда келе жатқан Ресейді неліктен таңдамадыңыз?
- Мен Түркия, Әзербайжан, Филиппин, Малайзия сияқты елдердің ән сүйер тыңдармандарына танымалмын. Ал, Ресейге баруға көңілім тартпады. Тағдыр осы жаққа ат басын тіреген соң, осында қалуды жөн санадым.
- Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап жүрсіз. Бұл әнді репертуарыңызға қазақ тыңдармандарына тез танылу мақсатында таңдап алдыңыз ба, әлде ән жаныңызға жақын келді ме?
- Мен бұл әннің әуенінің әсерлілігін-ақ мағынасының терең екенін сезіндім. Сөйтіп әнді әлемдік деңгейге көтерсем деген ой туды. Сол мақсатыма жеттім. Себебі- Қазақстанға келіп жұмыс істегелі он шақты мемлекеттің сахнасында өнер көрсеттім. Солардың бәрінде «Көзімнің қарасын» орындадым. Тыңдарман жылы қабылдап, тіпті сахнадан жібермей қошемет көрсеткен кездер де болды. Жалпы Абай әндерінің әуенінің өзі адамды елітіп, түрлі ой салатын қасиеті бар. Ал сөздері- түсінуге тырысқан адам үшін тұнып тұрған ақыл мен парасаттан тұрады. Мен осы ән арқылы өзге жұрттың Абайды не үшін ұлықтайтынын ұғындым.
- Сіз бір әніңіздің әуеніне қобыздың үнін қосыпсыз. Осы орайда бір сұхбатыңызда жергілікті әншілердің төл мәдениеті мен салт-дәстүрін қадірлемейтінін айтыпсыз. Енді сіздің қолыңыздан домбыраны көрсек таң болмайын шығармыз?
- Қазақсанға келместен бұрын Римде өткен бір концертімде домбырамен өнер көрсеткенім бар. Егер Ютуб порталының іздеу тақтасына менің аты жөнімді жазып, қасына домбыра сөзін тіркесеңіз, аталмыш концерттен үзінді шыға келеді. Әзір де бірнеше күйді тарта аламын. Бұйырса әндерімнің әуеніне домбыраның қоңыр дауысын қоссам деген ойдамын.
- Қазақты бешбармақсыз елестету қиын. Ал, қазақ болғысы келетін жігіттің қазы-қартаға деген тәбеті қалай?
- Бешбармақты өте жақсы көремін! Қазақта: «Адам тамақтан ұялмау керек» деген мәтел де бар екен. Өте дұрыс айтылған. Сондықтан барған жерімде бешбармақты тамсанып жейтінімді жасырмаймын.
- Қазақ эстрадасында кімдермен жақын араласасыз?
- Бүгінгі қазақ эстрадасында жүргендердің барлығымен етене араласамын. Кейбірімен жақын араласып, дос та болып кеттім. Сәті түскенде арнайы бас қосып тұрамыз. Шығармашылық сапарларда кездесіп қалсақ, мәре-сәре болып қалатынымыз тағы бар...
- Ендеше қазақ халқына деген ниетіңіз ақ болсын дейік!

Әңгімелескен Динар КАМИЛОВА
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373