Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2864 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 06:03

Ашық хат: Ерболат Досаев қызметінен кетсін!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіліп, еш бір талас-тартыс, дау-дамайсыз-ақ Сенатқа жол тартқаны ел-жұрттың ерекше таңданысын, ашу-ызасы мен наразылығын тудырғандығы шындық. Егер аталған заң жобасы қабылданар болса, ең алдымен Елбасымыздың 22 жыл бойы табанды жүргізіп келген көші- қон саясатын түбірімен теріске шығаратын және қазақ көшін бір жолата құрдымға кетіретін еді. Сол себепті де, мұндай қадамға ешқашан жол беруге болмайды. Өзгертуге ұсынылып отырған заңнамалық актілердің ішінде «ҚР Азаматтық туралы» заңының 16 бабына мынадай редакция жасау ұсынылыпты: «ҚР аумағында заңды түрде кемінде 5 жыл тұрақты тұрған, немесе ҚР азамттарымен кемінде 3 жыл некеде тұрған оралмандар.» Егер аталған өзгертулер шынымен қолданысқа енетін болса, елге оралған қандастарымыз табаны күректей бес жыл бойына өз отанында екінші сортты адамының күйін кешіп, рухани және экономикалык шектеулерге ұшырайтын болады. Атап айтқанда, олардың меншігінде егістік жер, өріс-қоныс және бау-бақшалы тұрар жәй болмайды. Мемлекеттік қызметтің есігі жабық, шетел төлқұжатымен жүргендерді еңбек ұжымдары да тұрақты жұмысқа алуға құлықты болмайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіліп, еш бір талас-тартыс, дау-дамайсыз-ақ Сенатқа жол тартқаны ел-жұрттың ерекше таңданысын, ашу-ызасы мен наразылығын тудырғандығы шындық. Егер аталған заң жобасы қабылданар болса, ең алдымен Елбасымыздың 22 жыл бойы табанды жүргізіп келген көші- қон саясатын түбірімен теріске шығаратын және қазақ көшін бір жолата құрдымға кетіретін еді. Сол себепті де, мұндай қадамға ешқашан жол беруге болмайды. Өзгертуге ұсынылып отырған заңнамалық актілердің ішінде «ҚР Азаматтық туралы» заңының 16 бабына мынадай редакция жасау ұсынылыпты: «ҚР аумағында заңды түрде кемінде 5 жыл тұрақты тұрған, немесе ҚР азамттарымен кемінде 3 жыл некеде тұрған оралмандар.» Егер аталған өзгертулер шынымен қолданысқа енетін болса, елге оралған қандастарымыз табаны күректей бес жыл бойына өз отанында екінші сортты адамының күйін кешіп, рухани және экономикалык шектеулерге ұшырайтын болады. Атап айтқанда, олардың меншігінде егістік жер, өріс-қоныс және бау-бақшалы тұрар жәй болмайды. Мемлекеттік қызметтің есігі жабық, шетел төлқұжатымен жүргендерді еңбек ұжымдары да тұрақты жұмысқа алуға құлықты болмайды. Тіпті, олардың кінәсіз бүлдіршіндері де атажуртында өздерін жат жұрттық келімсектердей сезінеді. Ал, «ҚР Халықтың көші-қоны туралы» заңының 23 бабындағы редакцияға сәйкес: «ҚР Үкіметі орамландарға қолайлы деп белгілеп берген аймақтарға қоныстанған этникалық қазақтар ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат аларда төлем қабілетін растаудан босатылады»-делінген. Мұндай өзгертуден шығатын қортынды бұдан былай елге оралған қандастарымыз ҚР Үкіметі орамландарға қолайлы деп белгілеп берген аймақтарға қоныстанбаған жағдайда, олар төлем қабілетін растаудан босатылмайды деген сөз. Мысалы, елімізге өте қажетті, шетелдерде жүріп-ақ ерекше танылмал болған бір ғалым немесе өнер, әдебиет, спорт майталманы көшіп келді делік, заң бойынша олар да Астана немесе Алматыға қоныстана алмайды. Себебі, заң алдында барлық адам бірдей. Бұдан мемлекетіміздің ұтары қайсы?! Және бұл адам құқықтарының халықаралық пактілеріне де қайшы келетіні өз алдына бөлек әңгіме. Бұдан тыс аталған заңның 49 бабындағы өзгерістерге сәйкес тұрақты тұруға рұқсат алғаннан кейін ҚР аумағында 1 жыл ішінде 6 айдан кем тұрса, көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тартуға не оның күшін жою үшін негiз болады екен. Бұл жерде мынадай бір сұрақ туындайды. Түгел отбасы емес, оның жекелеген мүшесі белгілі себептерден ҚР аумағында 1 жыл ішінде 6 айдан кем тұрды делік. Сонда әлгі отбасы мүшесін заңдағы аталған өзгеріске сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тартсақ, не оның күшін жойсақ, халықаралық адам құқықтарына байланысты пактілердің Вена, Хельсинки және Женева декларацияларында көрсетiлген тағдыр тәлкегiмен бөлiнiп кеткен отбасылардың тағдырын шешу емес, мұндай трагедияларды өз қолымызбен жасаған болмаймыз ба?!

Осындай кесірлі заң жобасының авторы кім дейсіздер ғой? ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев. Бұл жігіт осыдан біраз жыл бұрын дәл осындай салғырттығы мен біліксіздігінің салдарынан ВИЧ індетін жұқтырған 220 баланың 11-і көз жұмып, бүкіл елді шулатқан болатын. Естеріңізде болса, сол кезде Елбасы Н.Назарбаев «Масқара қылдың ғой!» деп, қызметінен де алған. Араға біраз жыл салып, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып қайта тағайындалған сол Ерболат Досаев шетелден көшіп келетін қандастарымыздың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын бес жылға кешіктірмек болып жанын салды. Сондағы уәжі – ««Келуге мүмкіндікті қалдырып отырмыз. Келетін ағайын туысқан келе береді. Оралман ағайынмен проблемалар жетіп жатыр. Жұмыспен қамту, балаларын оқыту 4 жылға келісіп отырғанымыз. Содан 4 жылда көреміз қалай олар проблемаларын шешеді» екен.

Өтірік пен өсекті жүндей сабаған мұндай министр сымақтан не үміт, не қайыр?! Сонда Ерболат Досаев қанша оралман ағайынның жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұрғанын, олардың балаларының оқу қаражаты үшін қанша қаражат жұмсалып жатқанын өзі біле ме екен деші!

Аты шулы заң жобасына байланысты өткен Сенаттың екінші оқылымында Нұрлан Оразалин, Қуаныш Айтаханов, Светлана Жалмағамбетова бастаған депутаттар бетін қайтармағанда Ерболат Досаев Президент Нұрсұлтан Әбішұлын бүкіл әлем алдында екінші мәрте жерге қарататын еді.

Мынау,21-ғасыр жаһандану заманында , жат жұртта,жұтлып кетудің аз-ақ алдында тұрған 5милионнан астам қандасымызды
елге оралтпаудың қамын жасап,ұлтка қарсы заң-жобасын ұснып отырған Досаев мырзаның қазақ елінде билік тізгінін ұстауға қандай моралдық қақысы бар?!
Шатаспаңыз, Досаев мырза! Елге оралған милионнан асатын қандасымызды сен асырап отырған жоқсың, Елге оралған ағайын жұмыссыз емес, Қайта біраз халықты жұмыспен қамтушы болып отыр!
Сондықтан біз қоғамдық ұйымдар Ерболат Досаевтың ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі қыметінен өз еркімен кетуін қатаң талап етеміз!

1.ҚР «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігіның атқарушы дирокторы: Рахым Айып.
2.ҚР «Қазақтану» этнографиялық қоғамдық қоры
директоры: Ибраһим Қошқари
3.ҚР «Отандас-ел» қоғамдық бірлестігі.Бас хатшысы: Қайрат Байтолла.
4.ҚР «Кенесарыхан» қоғамдық қорының төрағасы: Мұхтархан Абаған.
5.ҚР «Қаражорға» ұлттық өнерді қолдау қоры.
дирокторы: Жамали Дихан
6.ҚР Алматы облсы қарасай ауданы «Баркөл бау-бақша» серіктестігі тұтыу кооператибі төрағасы: Мақсұтхан Дәлеи.
7.ҚР «жезбұйда»жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы: Талапбек Тынысбек.
8.ҚР «ұлт бірлігі»қоғамдық коры төрағасы: Бауыржан Шаһарбек
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352