Нүкенованың ағасы марқұмның суретін бәріне көрсетпеуін сұрады
Астанада әйелін қатыгездікпен өлтірген Бишімбаевтың соты әлі де жалғасып жатыр. Салтанат Нүкенованың мәйітіне қатысты тексеру хаттамасын прокурор Айжан Аймағанова оқып берді.
"Қолының шынтақ тұсы қайырылған. Денеден алыс жатыр. Аяғын созып, жазып жатыр. Өлі дене сіресіп қалған. Дененің артқы бөлігі мен жаны жағындағы, аяқ-қолындағы мәйіт "дақтарын" бассаңыз, бірден жоғалады. Басында жарақаттары бар, бас терісінде, самай, желке және самай аймақтарында қан кеткен", – деп оқып шықты Аймағанова.
Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді мәйіт көрсетілген видео мен фотоларды көпшілікке көрсетпеуді өтінді. Сот процессінде бұл өтінішке экс-министр мен оның адвокаттары бұған қарсы болды. Судья Айжан Құлбаева мәйіттің фотолары мен видеоларын тек алқабилер мен басқа да сот қатысушыларына көрсетуді ұйғарды.
Марқұмның денесін тексеру 9 қараша күні сағат 21.40-та басталып, 23.20-да аяқталды. Тексеру кезінде марқұмның басындағы шаш өскен жері де қанға малынғаны анықталған.
Abai.kz