Сенбі, 23 Қараша 2024
854 1 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 16:55

Қорғаста 6 заңсыз ойын бизнесі анықталды

Сурет: azattyq-ruhy.kz

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қорғас" ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағы анықталды.

Заңсыз әрекеттерді ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Тексеру кезінде, астыртын ойын мекемелері Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істегені анықталды.

"Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ, 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды", – делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345