Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
1625 1 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 18:17

Түркістан облысындағы канал бөлігі қайта іске қосылды

Сурет: informburo.kz

Келес ауданындағы диқандардың су мәселесі шешілді. Осыған дейін ауданға қарасты Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында болған апат салдары толығымен жойылып, бүгін су қайта беріле бастады. 

Қазақстан Республикасы аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтетін СТК канал Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. Жалпы 2922 гектар егіндік жер сумен қамтылды.

Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) биыл 9 наурызда апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды.

Өзбекстан Республикасының "Боз-су" ирригация мекемесімен бірлесіп, биылғы жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толық аяқталған.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды.  Шаруаларға су беріліп, мәселе шешілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2525
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 689
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660