Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
1540 0 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 15:17

Атырау облысы: Маңғыстауға 18 мыңға жуық адам көшірілді

Сурет: ҚР ТЖМ

Еліміздегі болып жатқан су тасқыны салдарынан Атырау облысының Жылыой ауданынан Маңғыстауға көшірілген тұрғындар саны 18 мыңға жуықтады.

Төтенше жағдай басталғалы бері Құлсары қаласынан Маңғыстауға эвакуацияланған тұрғындар жеткізілсе, екі мыңға жуығы Ақтау қаласына уақытша орналастырылды.

"Оның ішінде Бейнеуге – 8 510, Боранқұл ауылына – 7 371, Есет ауылына – 456, Сарға ауылына – 155, Шетпе кентіне – 6, Ақтау қаласына 1893 адам келді", – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауға пойызбен, ұшақпен де келіп жатқан тұрғындардың саны әзірге анықталған жоқ.

Жылыой ауданынан жалпы 28 558 тұрғын, оның ішінде 6 796 бала эвакуацияланып, қабылдау пунктеріне көшірілді.

Сонымен қатар елді мекендердің тұрғындарының қарамағындағы 10 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. Соның ішінде 3 046 ірі қара мал, 5 889 ұсақ мал, 1 557 жылқы және 67 түйе.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 736
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 696