Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
1653 0 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 15:19

Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі Сыр өңірінен өтті

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды

Еліміздегі су басқан аймақтарға Қырғыз республикасының жөнелткен гуманитарлық көмек керуені бүгін Сыр өңіріне жетті. 15 жүк көлігі төрт бағытқа Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарын бет алған.

300 тоннадай гуманитарлық жүк артқан жәрдем керуеніне Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов жетекшілік етіп келеді.

Көліктерде төсек-орын жабдықтары, киім-кешек, жылытқыш қондырғылар мен азық-түлік бар. Бірнеше күннен бері жолда келе жатқан қырғыз бауырларды Сыр өңірінің ел азаматтары қарсы алып, қонақжайлық танытты.

Урматбек Шамырқанов, Қырғыз Республикасы Тжм Вице-Министрі:

“Қазақ біртуғандар Қырғыз елі атынан Қазақ елінде жапа шеккен облыстарына жәрдем алып келе жатырмыз. Қазір бұл жерде жәрдем керуенінде 15 фураға жүктелген ең бірінші кезекте керек барлық тауарлар бар. Егер Қазақ еліне тағы қосымша тағы бір қандай көмек керек болса тағы алып келуге даярмыз”, - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770