Керексіз одақ: Иран ЕАЭО-ға бақылаушы болмақ
Иран Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алуға ниетті, деп мәлімдеді Иранның РФ-дағы елшісі Жалали.
Ол бұл пікірді Ресей-Иран ынтымақтастығына арналған халықаралық конференцияда айтқан. Ол бұдан кейін Ресей мен басқа қатысушы елдердің қолдауымен одан әрі кезеңдер өтетінін атап өтті.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) - мақсаты ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын халықаралық ұйым. Мүше мемлекеттер: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей.
ЕАЭО Иранмен еркін сауда аймағын құрады. Келісімдерді бір ай ішінде рәсімдеу жоспарлануда (Ресейдің құқықтық және сот ақпараты агенттігі).
Осыған дейін Қазақстандық сарапшылар бірнеше мәрте Еуразиялық Одақтан шығу туралы бастама көтерген болатын.
Abai.kz