Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2028 0 пікір 16 Сәуір, 2024 сағат 18:22

"Зорлау күні" – фейк

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді демекші, соңғы күндері TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде адам айтса сенгісіз ақпараттар таралып жүр. Соның бірі 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні екені туралы ақпарат.

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан  TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп жазылған хабарладама.

Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

 

Сурет авторы: grozny.tv

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2882
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903