Сенбі, 23 Қараша 2024
1095 0 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 16:40

Жалпыға бірдей декларацияны кімдер тапсырады?

Сурет: baq.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 2024 жылы салық
декларациясын ұсыну бойынша ең танымал 5 сұраққа жауап береді.

2024 жылы жалпыға бірдей декларацияны кім тапсырады?

Ағымдағы жылы активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын (250.00-нысан):

- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
- дара кәсіпкерлер (оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік мүшелері) мен олардың жұбайлары ұсынады.

Жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 – нысан) – жалпыға бірдей декларациялаудың 1-2-кезеңінің декларанттары ұсынады.

Декларацияны тапсыруға міндетті заңды тұлғалар
басшыларының, құрылтайшыларының (қатысушыларының) санатына кім жатады?

Алғаш рет активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын (250.00-нысан) мына тұлғалар ұсынады:

- заңды тұлғалардың (коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдардың) басшылары;
- директорлар кеңесінің төрағасы;
- заңды тұлғаның алқалы басқару органының бірінші басшысы;
- жеке басшы;
- тұрғын үй / саяжай кооперативтерінің төрағасы;
- заңды тұлғалардың құрылтайшылары;
- заңды тұлғалардың қатысушылары;
- сондай-ақ жоғарыда аталған тұлғалардың жұбайы/зайыбы.

Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қатысты. Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің декларанттары тізіміне кірмейді:

- филиалдар мен өкілдіктердің басшылары
- діни бірлестіктердің бастамашысы-азаматтар
- тұрғын үй / саяжай кооперативтерінің мүшелері.

Активтер мен міндеттемелер туралы (250.00- нысан) декларацияда не көрсетіледі?

Декларацияда 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
мынадай активтер мен міндеттемелер көрсетілуі тиіс:

- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
- шетелдік банктегі ақша, 7,3 мың АҚШ долларынан асатын (1 000
АЕК);
- шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
- үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
- инвестициялық алтын (құйма алтын);
- зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
- 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;
- декларация тапсырғанға дейін нотариалды куәландырылған
басқа тұлғалармен қарыз шарттары;
- құны 3,4 млн.теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды декларация тапсырылғанға дейін жасау қажет.

Декларацияны тапсырудың мерзімдері мен тәсілдері
қандай?

2024 жылдан бастап декларацияны табыс етудің бірыңғай мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін деп белгіленді. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша декларацияны тапсыруы керек.

Электрондық нысанда декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» МКК web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz, сондай-ақ e-Salyq Azamat, eGov mobile, банктердің мобильді қосымшалары (HALYK, ЦентрКредитБанк, Kaspi.kz) арқылы ұсынуға болады. Декларациянын тапсыру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес, оны SMS-пароль арқылы жіберуге болады.

Қағаз түрінде салық декларациясын ХҚКО, мемлекеттік кірістер
органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.

Декларацияда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін жеке тұлға
көрсетуі қажет пе?

Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Бірақ шет мемлекетте тіркелген мүлік туралы мәліметті ерлі-зайыптылардың екеуі де көрсету қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383