Жәрмеңке жұртқа арзан бағада азық-түлік ұсынды
Халық тұтынатын тауарлардың, әсіресе, азық-түлік бағасының шарықтай түсіп, сан құбылып жатқаны баршаға аян. Осындай кезеңде қолжетімді бағаға ас-суыңды алып, көңілді бірлеп қалғанға не жетсін!
31-шағын ауданның бұрынғы «ұшақ алаңы» бағытындағы үлкен жол үстінде өткен ауылшаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі көпшілік көңілінен шыққан реті бар. Ауа-райы жауын-шашынды, күн салқындау болса да белгіленген уақыттан ертерек қызметтерін бастаған сауда нүктелеріне келушілердің қатары лезде молайып кетті. Ал, сөрелерде не жоқ дейсіз?! Қой, сиыр, тауық еттері, көкөністер мен шырындар, сүт тағамдарының түрлері, қаймақ, шұбат, картоп, капуста, қызанақ, қарбыз, жүзім, сəбіз, пияз...не керектің бəрі бар.
Бұл жерде облыстың барлық түкпірінен Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы ауданы жəне Ақтау, Жаңаөзен қалаларының азық-түлік өндіретін шағын мекемелері, жеке қожалық иелері өздері шығаратын өнімдерін тұтынушыларға ұсынды. Сөрелердің сырт жағында тұрған тақтайшалардан «АқтауДарияСервис», «Асар» ЖШС, «Каспий-Берекет» ЖШС, «Ақнек-Маңғыстау» ЖШС т.с.с. кəсіпорындардың атауларын оқыдық. Олардың алды, қапталы сатып алушыларға толы.
Үстіне ақ халат, бастарына ақ телпек, өңкей бір формада киінген сатушылар саудаларын қыздырып жатыр. Олардың жанында топ-топ болып жетекшілері де тыным таппай жүр.

Ерғожа Əжіғалиев, Жаңаөзен қалалық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Облыс əкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауылшаруашылығы өнімдерінің үлкен жəрмеңкесіне қатысып тұрғанымызға өте қуаныштымыз. Біз өз тарапымыздан алты кəсіпкерімізді алып келдік. Олардың ішінде Жаңаөзен сүт зауыты, ет өнімдерін өндіретін «Нұркен» шаруа қожалығы, су өнімдерін шығаратын «Акво-Идеал» ЖШС жəне де басқа бірнеше кəсіпкерлеріміз бар. Сиыр еті 1100-1200, шұбат 700, қаймақ 250-300 теңгеден. Яғни барлық тағамдар нарық бағасынан 20 пайыз төмен сатылып жатыр. Ауылшаруашылығы өнімдері жəрмеңкесінің өтуінің қарапайым халыққа жəрдемі көп. Біріншіден, бір күн болса да қаладағы алыпсатарлардың өз бағаларын төмен түсіруіне едəуір үлесін қосады, екіншіден, өнім өндірушілеріміз өз тауарларын жарнамалауға мүмкіндік алады. Халық өнім сапасын көзбен көреді. Осындай жəрмеңкелер ай сайын немесе тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрса, халыққа пайдасы болады деп ойлаймыз.
Сəтжан Ибраев, «Ақ-нек», «Ақ нан-Маңғыстау» ЖШС директоры:
-Біз жүзден астам атаумен нан жəне сүт шығаратын белгілі зауытпыз. Бүгінгі жəрмеңеде тауарлар көтерме сауда бағасымен берілуде. Өнімдерімізді халық жақсы алады. Көріп тұрсыз, сүт, аққырау, қаймақ, жеміс йо-
гурты базар бағасынан төмен, қолжетімді бағамен берілуде. Тұрғындар да ертелетіп келіп, сауданы жүргізіп жатыр. Кешке дейін қызмет көрсететін боламыз, тұтынушыларымызға да ризамыз.
Абай Ырзағұлов, «Таушық» ауыл-шаруашылығы серіктестігі төрағасының орынбасары:
-500 кило ет, бір тоннадай шұбатпен жəрмеңкеге қатысып тұрмыз. Кешегі 8-9 қарашада Астана қаласында өткен жəрмеңкеге қатысып, онда да бір тонна ет, екі тонна шұбат өткізіп келдік. Өте жақсы болды. Түйе етінің килосы 900 теңге, шұбаттың литрі 500 теңгеден сатылуда. Осындай жəрмеңкелер жиі өтіп тұрса, халыққа да, өнім өндірушілерге де өте қолайлы тəрізді. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Өнімдеріміз өте жақсы өтіп жатыр.
Сөрелердің жанында тізіліп тұрған тұтынушыларға келдік.
«Құстың етін, жеміс-жидек, астық, шұбат алдым. Тамақтардың бағалары да арзан əрі жұмсақ, ұнамды» - дейді Кəкима атты келіншек.
Мысалы, біз көрген сөрелерде шұбаттың литрі 600, қарбыз 100, жүзім 300, мандарин 250-300, жұмыртқа 28, ет консервісінің бір данасы 280, капустаның килосы 50 теңгеден тұр. Капуста, картоп, қызанақ пен қияр жəне ет өнімдерін өндіре алып, көліктеріне тиеп жатқан адамдарды да көрдік.
Келесі бағытымыз рəсімнің ашылуына орай жасақталған үлкен сахна жақ болды. Облыс əкімінің орынбасары Рахымбек Əміржанов жəрмеңкеге облыстың əр түкпірінен келген ауылшаруашылығы
саласының қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, өмірлеріне жеміс, еңбектеріне табыс тіледі. Маңғыстау облысының ауылшаруашылығының дамуына зор үлестерін қосқан зейнеткер Сəбит Əбішов, Қалпақ Наурызмағанбетовты ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Облыс əкімінің Құрмет Грамотасымен Маңғыстау ауданы «Жармыш» ЖШС механизаторы Жаңабай Əуелбаев, Түпқараған ауданы «Ғалым» шаруа қожалығының төрағасы Ғалым Таңбай, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Алғыс хатымен Түпқараған ауданы «Жайлау» ЖШС малдəрігері Əбдірахим Шегенов, Бейнеу мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының директоры Əбен Бекенов марапатталып жəне басқа да бірнеше еңбек озаттары облыс əкімінің Алғыс хатына ие болды.
Маңғыстау ауданы «Тұщықұдық» ауылынан келген ауылшаруашылығы саласының үздігі, ардагер аға Тілеген Кенжебеков түбектегі малшаруашылығының дамуы мен өркендеуі, аға ұрпақтар ат-қарған еселі еңбектері туралы айтып, бұл саланың алдағы даму көкжиектерінің маңыздылығына тоқталды. Рəсімнің соңы облыстық филармония əртістерінің əсем əн шашуына ұласты.
Сонымен, жəрмеңкенің тұтынушыға да, тауар өндірушіге де тиімді екенін байқадық. Алдағы уақытта да мұндай шаралар халық тілегіне сай жүйелі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр.