Жұма, 23 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2519 0 пікір 15 Қыркүйек, 2009 сағат 08:42

Қазақстанда тамыздағы жұмыссыздық 6,4% болды - статагенттік

Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда тамыз айындағы жұмыссыздар саны (статагенттік есептеулері бойынша – ҚазТАГ) 558,7 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 6,4% болды, делінген ҚР статагенттігі сейсенбі күні таратқан хабарда. 

Оған сәйкес, 2009 жылғы тамыздың соңында жұмыспен қамтамасыз ету органдарында жұмыссыздар ретінде ресми тіркелгендер саны  92,3 мың адам болып, халықтың жұмысқа жарамдыларының 1,1%-ын құрады.

Бағалау бойынша есепке алынбаған жасырын жұмыссыздар халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділер санының 0,7 % құраған.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттары бойынша) – олар айналысатын кәсібі (жұмысы) жоқ, оны белсенді іздеумен айналысқан және оған кірісуге дайын тұлғалар.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі – толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2808
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4543