Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2566 0 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:49

Құжаты жоқ мал иелеріне өтемақы қалай беріледі?

Сурет: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров малының құжаты жоқ азаматтың өтемақысы қалай төленетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр арнайы комиссия барын еске салды. Сөзінше, малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі.

– Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде "3 куәгер болуы керек" деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі.

Олардың бәрі дәлелдейді. Нәтижесінде (мал шығынының) құжатын толтырады да қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен (мал шығыны) өтеледі.

Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы барлығын демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары жұмысты жүргізіп жатыр, - деді Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2430
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629