Дүйсенбі, 11 Қараша 2024
968 0 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 14:05

Су тасқыны: Атыраудан әлі қауіп сейілген жоқ

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Атыраудағы су тасқынына қарсы құрылыстарды вице-премьер Қанат Бозымбаев тексерді.

- Тексерілген алғашқы нысан "Соколок" арнасы болды. 32 шақырымға созылған Жайық өзенінің үлкен су ағысын Атырауға қарай бағыттауға арналған. "Соколок" қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады. Сондай-ақ, вице-премьер ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа арнаның жұмысын тексерді, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжануда. 12 мамырда су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1167
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2773
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2813