Сенбі, 27 Шілде 2024
812 0 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 20:27

Атырау облысындағы жағдай: Қызыл су Талдыкөлге жетті

Сурет: Видео скрині

Атырау облысында Махамбет ауданының Талдыкөл ауылына кіретін жолдың екі жағын су шайып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Ауылды су басу мүмкін болғандықтан қазір жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды.

“Бірінші кезекте эвакуацияланатын тұрғындар санатына жүкті әйелдер, балалар мен қарттар жатады. Ауыр науқастар Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы әзірлеген алгоритм бойынша эвакуацияланады. Тұрғындар үшін Атырау қаласында - APEC жоғары колледжінде және "Dana" қонақ үйінде эвакуациялық пункттер дайындалды”, - дейді облыстық жедел штаб өкілдері.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, қазір қорғаныс бөгеттерін нығайту және суды өткізу үшін құбырларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Біз ауылдың айналасындағы бөгеттер суды ұстап, елдімекеннің су басуына жол бермейтініне сенімдіміз. Алайда Талдыкөл ауылына апаратын жол қауіп туғызып тұр, біз тұрғындардың облыс орталығынан бөлініп қалуына жол бермеуіміз керек”, - деді Қайрат Нұрлыбаев.

Талдыкөл ауылында 1,5 мыңға жуық тұрғын тұрады. Талдыкөл ауылына кіреберіс жолдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1450
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2337
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2328