Оңтүстіккореялық компаниялар жол саласындағы қазақстандық жобаларға қатысуға дайын- Корея елшісі
Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстіккореялық компаниялар жол саласындағы қазақстандық ірі жобаларға қызығушылық білдіріп отыр және оған қатысуға дайын. Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ли Бен-хва Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековпен кездесуінде мәлім етті.
«Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның мамандары мен компаниялары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Қарағанды», «Алматы – Қапшағай» сынды маңызды жобаларға қатысуға дайын», - делінген ККМ бейсенбі күні таратқан хабарда.
Өз кезегінде Д. Көтербеков Қазақстанның автожол саласындағы жобаларды дер кезінде әрі сапалы аяқтау үшін шетелдік компаниялар мен мамандарды тартуға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу барысында елшілік пен көлік министрлігінің өкілдері жол салу саласындағы бағдарламаны және байқау өткізу тетіктерін талқылады.
Вице-министр үміткерлер арасындағы байқау ашық өтетінін және жеңімпаз ретінде мүмкіндіктері қазақстандық стандарттар мен халықаралық банк талаптарына сай келетін компаниялар ғана іріктеліп алынатынын атап өтті.