Жексенбі, 24 Қараша 2024
1283 0 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 20:46

Тасқыннан кейінгі вирустың таралу қаупі айтылды

Сурет: baimedia.kz

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Тасқыннан кейінгі вирустың таралу қаупіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz Ulysmedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, барлық өңірде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері объектілеріне бақылауды күшейтіп, санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын іріктеу және зерттеулер қолға алынған.

Нәтижесі қандай?

– Су тасқыны басталғаннан бері елдімекендердің су басқан аймақтарында және эвакуациялық пункттерде орталықтандырылған көздерден 10 180 сынама іріктеп алынды. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні 670 сынама, орталықтандырылмаған су көздерінен 1 363 сынама. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні 124 сынама (сәйкес келмейтін көрсеткіштер ауыз судың ластануының жанама факторы), – делінген жауапта.

«Жалпы сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022 – 2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды» дейді Үкімет жауабында. Су көрсеткіштері нормативке сәйкес келмеген жағдайда су шаруашылығы ұйымдары су құбыры желілерін жуып, дезинфекция жұмыстарын жүргізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587