Жексенбі, 24 Қараша 2024
1088 2 пікір 14 Мамыр, 2024 сағат 16:56

Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталды

Сурет: Азаттық радиосы

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовті "аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады" деп танып, бес жылға бостандығынан айырды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Сот таратқан хабарға сай, Мырзахметов кінәсін мойындап, сотан әділ жаза тағайындауды сұраған.

Сот оның "шынайы өкінгенін, қылмысты тергеуге және қылмыс кезінде алынған мүлікті іздестіруге жәрдемдескенін", кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, мұны жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырған.

Қылмыстық істе Мырзахметов бизнесмен Талғат Боранбаевтан оның ағасы әрі экс-президенттің құдасы Қайрат Боранбаевты бостандыққа шығарып, істі жабу үшін 30 млн доллар сұраған деп көрсетілген. Сот басталғанда бұл ақпарат бойынша Мырзахметовтің тарапынан пікір алу мүмкін болмады.

Мырзахметов 2021 жылы Forbes Kazakhstan басылымының елдегі ең ықпалды 50 бизнесмен тізіміне кірген. Сол уақытта ол медицина бұйымдарын шығаратын зауыт пен алтын кен орнын барлайтын инвестициялық компанияға иелік етті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588