Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3923 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 06:45

Бостандық жыры

Біздің ше, адамзатқа ортақ бір ғана баға жетпес құндылық бар. Оның аты – бостандық. Бостандық ұлтқа бөлінбейді. Бостандықтың тілі – қапаста жатса да күнге ұмтылған ақ алмас, сынбас өр рух. Кеше дүниеден өткен Мандела сол бостандық рухтың иесі еді. Рухын күреспен шыңдаған қайраткер ақыры Отанында азаттық туын желбіретті.

Манделаның өмірі туралы голливуд режиссері Клинт Иствуд түсірген "Invictus" деп аталатын фильм бар. Фильмде ағылшын ақыны Уильям Хенлидің 1875 жылы жазған өлеңі оқылған.

Мандела дүниеден қайтқан күні Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Қасым Аманжолұлы Уильям Хенлидің өлеңін туған тілімізге аударсақ деп қазақ ақындарына ұсыныс тастады. Аударма орыс тілінен жасалды.

Төменде жеті ақынның аудармасымен бірге фильмде оқылған өлеңнің орысша нұсқасын да қатар беріп отырмыз.

 

Біздің ше, адамзатқа ортақ бір ғана баға жетпес құндылық бар. Оның аты – бостандық. Бостандық ұлтқа бөлінбейді. Бостандықтың тілі – қапаста жатса да күнге ұмтылған ақ алмас, сынбас өр рух. Кеше дүниеден өткен Мандела сол бостандық рухтың иесі еді. Рухын күреспен шыңдаған қайраткер ақыры Отанында азаттық туын желбіретті.

Манделаның өмірі туралы голливуд режиссері Клинт Иствуд түсірген "Invictus" деп аталатын фильм бар. Фильмде ағылшын ақыны Уильям Хенлидің 1875 жылы жазған өлеңі оқылған.

Мандела дүниеден қайтқан күні Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Қасым Аманжолұлы Уильям Хенлидің өлеңін туған тілімізге аударсақ деп қазақ ақындарына ұсыныс тастады. Аударма орыс тілінен жасалды.

Төменде жеті ақынның аудармасымен бірге фильмде оқылған өлеңнің орысша нұсқасын да қатар беріп отырмыз.

 

Стихотворение Уильяма Хенли "Invictus" ("Непокорённый")

Из под покрова тьмы ночной,
Из черной ямы страшных мук,
Благодарю я всех богов
За мой непокорённый дух.

И я, попав в тиски беды,
Не дрогнул и не застонал.
И под ударами судьбы
Я ранен был, но не упал.

Тропа лежит средь зла и слёз,
Дальнейший путь не ясен пусть,
Но всё же трудности и бед
Я, как и прежде, не боюсь.

Не важно, что врата узки,
Меня опасность не страшит
Я - властелин своей судьбы.
Я - капитан свой души.

 

Аудармалар:

Ырысбек Дәбей

Қара түннің тырнағына тұтылып,
Бұла мұңның шүңетіне жұтылып,
Жаратушым, алғыс саған әмәнда,
Өр рухым жер сүзбеді тұқырып.

Тана басқа тап келгенде тауқымет,
Бүгілмедім, алдым – теңіз, артым – от.
Азап шеккен мынау бейбақ жанымды,
Өзім ғана емдеп жаздым қанша рет.

Зымияндық, зұлымдық һәм көз жасы,
Жолға сіңген шежіреңді қозғашы.
Мың жығылып, мың сүрінген сәттерім,
Менің мүлдем болмақ емес жолдасым.

Ашпақ емес әркез өмір қақпасын,
Бірақ бұрман басқа жаққа ат басын.
Тағдырымның әміршісі – тек өзім,
Мезгіл жайып жылағанмен ақ шашын.

Ерлан Жүніс

(Еркін, мағыналық аударма)
Қараңғы үйден, қаралы күйден,
Қайралып туған арға - серт!
Құдайларға серт адамдар сүйген,
Құдайым сүйген жанға - серт!
О, қара құрлық - қайғы мен нала,
Қаймыға шыққан зарға - серт!
Тағдырым салған жазылмас жара,
Жарадан аққан қанға - серт!
Көз жасын кешкен кезеңнің кегін,
Кер жүріп өтер жолға - серт!
Кебенек - үміт, үмітсіз - кебін,
Кісендер қиған қолға - серт!
Өктемнің кәрін, өткелдің тарын,
Өлімдей бұзар шаққа - серт!
Тартқызып маған тағдырдың жалын,
Тәуелсіз еткен Хаққа - серт!

 

Серікбол Хасан

Түрдім де түннің түнегін,
Жарамды жазды жүрегім.
Табындым саған, Тәңірім,
Рухымды берген бір Өзің.

Тауқымет көріп, мұңдандым,
Бақыттан талай құр қалдым.
Көрсем де тағдыр тепкісін,
Қайтадан түзу тұрғанмын.

Шыланған жасқа, азаға,
Білмеймін, жолым таза ма?
Бәріне көндім, сенбесең,
Тік тұрам, тағы жазала.

Қадалсын қайта жебесі,
Қалды артта қайғы елесі.
Тауқымет көрсем өзімнен,
Рухымның менмін егесі.

 

Бейбіт Сарыбай

Жатсам да мейлі түн түнегінде.
Қайғыға батып күркіредім мен.
Тәңірім саған алғысым шексіз,
Рухты қылдың бір күн өмірде.

Басыма келген қасіреттерді,
Төзіммен таптап, басып өткенмін.
Тағдыр соққысы құлата алмады,
Аспан жанымды жасын еткенмін.

Көз жасы менен қатыгездіктің,
Арасын көрген қағылездікпін.
Тағдырға әлі тіке қараймын,
Жолында құрбан ақын – ездіктің.

Қақпаның емес тарлығы мәнді,
Батырлығымның жарлығы мәңгі!..
Өз жүрегімді бағындыра аламын,
Шырқатсам шырқар тағдырым әнді.

 

Бағашар Тұрсынбайұлы

Жанымды жеген жүрек мұңымның,
Тар қапасынан түнек түнімнің.
Есендік жазған шер маңдайыма
Жаратқан саған мадақ!

Тәлкегін көріп тағдырдың, шыдап,
Сынбады рухым, қалмадым құлап.
Қабырғам қаусап қайғыдан ауыр
Тұрса да, менің Рухым азат!

Дүдәмәл өмір соқпақты, жолсыз,
Обалды жаспен сұрқия өңсіз.
Ежелгі серттің жолымен адал
Сескенбен! Мүмкін «ақымақ» дерсіз...

Қорқыныш дерті меңдеген емес,
Ізгілік жолы болса да қауіп.
Тағдырым менің қолымда адал,
Рухым менің елімдей алып.

 

Серік Әбікенұлы

Тұмшалап түнек жанымды,
Көрсем де пиғыл зынданын,
«Мың алғыс саған, Жаратқан!,
Иілмеді Рух. Сынбадым!».

Қасірет тезі қысса да,
Шырқырай үнім жыламан,
Қандауыр- тағдыр соқса да
Тік тұрмын әлі, құламан.

Қиянат пен көз жас арасы,,
Тұман басқан қыл-сүрлеу,
Тайсалман бірақ жолымнан,
Қаныма сіңген шегінбеу.

Тарлығын өмір-өткелдің
Көзіммен көрдім –сескенбен.
Тағдырыма қожа тек –Менмін,
Жанға да жалғыз патша-Мен.

Нұрлан Сәдір

Төбемнен түнек төніп шын,
Батса да, азап, зәр тісің
Жолдадым саған, жан Аллам
Сынбаған рухтың алғысын

Майысып, бірақ морт кетпей
Шыдады, рухым – бірбеткей
Тағдырдың салған тезіне
Дір етпей және шыр етпей

Жолымды мына қарашы –
Қан менен жастың арасы
Қиыннан бірақ қорқа ма
Адамның еркін баласы

Тар жерден жарып, озамын
Қиындық десе қозамын
Билігім менің өзімде
Өзіме-өзім қожамын!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353