Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2427 0 пікір 15 Қыркүйек, 2009 сағат 08:43

Қазақстан Вьетнамда мұнай-газ кен орындарын игеруге және МӨЗ салуға қызығушылық танытып отыр

Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан Вьетнам аумағында мұнай-газ кен орындарын игеруге және мұнай өңдеуші зауыттың (МӨЗ) құрылысын салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

«Ресейлік мұнай-газ компаниялардың Вьетнамдағы тәжірибесі қазақстандық компаниялар үшін де өнімді ары қарай Азия-Тынық мұхиты аймағының және Қытай нарықтарында өткізу үшін Вьетнам аумағында мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру оңтайлы болатынын көрсетіп отыр», - деп атап көрсетілген баспасөз қызметі Вьетнам премьерінің Қазақстанға сапары қарсаңында әзірлеген материалдарда.

Онда атап көрсетілгендей, Қазақстан жағы Вьетнам мамандарын мұнай-газ саласында оқытуға қолдау көрсете алады.

Сонымен қатар, Қазақстан телекоммуникациялық нарықты дамытуға, туристік салаға, теңіз айлақтары мен коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысына инвестиция құюға мүдделі, делінген материалдарда.

«Қазақстандық инвесторлар Вьетнамды Үндіқытайдың, соның ішінде Камбоджа мен Лаостың перспективалы нарықтарына шығу үшін плацдарм ретінде пайдалана алатын еді», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Өз кезегінде вьетнамдық инвесторлар ауыл шаруашылығына, тағам және жеңіл өнеркәсібіне инвестициялай алады. Вьетнамда шығарылған кофе, шай және консервіленген жемістерді қораптарға салып, Орталық Азия нарықтарына шығаратын бірлескен кәсіпорын құру бойынша жобалардың келешегі мол.

«Қазіргі уақытта екі елдің арасында жүк тасымалдаудың келешегі бар бағыттарының бірі теміржолмен Алашаңқай станциясынан Ляньюньган  айлағына дейін (Қытайдың Цзянсу провинциясы)  немесе Фанчэнган айлағына дейін  (Қытайдың Гуанси-Чжуан автономды ауданы) жеткізу және ары қарай теңізбен Вьетнамның Хайфон немесе Хошимин ірі айлақтарына жеткізу болып отыр», - делінген материалдарда.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Вьетнам мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы қаңтар – шілдеде $60 млн құрады, оның $49,4 млн  - экспорт,  $12,7 млн – импорт.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407