Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 07:16

Бейсен Ахметұлы. 25 қазанды Тәуелсіздік мерекесі етіп жарялау керек!

Тәуелсіздік күні таяған сайын желтоқсанның ызғарлы желімен бірге суық саясаттың да желі соға бастайды. Ел қуанышты мерекені  емес, әлдебір ауыр күн келе  жатқандай  тымырсықтана қарсы алады. Үкімет жағы әлде неден секем алып, сақтық шараларын күшейте бастайды. Газет-журналдар да алуан түрлі  тақырыптардағы қуаныштан гөрі наз бен сызға толы мақалаларды жариялайды. Интернет беттері талас пен талқының шешілмес ортасына айналады.  Біреу күңіренте құран бағыштап жатса, біреулер еске алу кештерін өткізеді. Ал біреулер Тәуелсіздік қуанышын жырлай бастайды. Бұл кезде билік пен қала жаңа жылдық безендірудің қарбаластығына кіріседі.  Міне, бұл біздің Тәуелсіздік мерекесі күніміздің нақты жағдайы.

Тәуелсіздік күні таяған сайын желтоқсанның ызғарлы желімен бірге суық саясаттың да желі соға бастайды. Ел қуанышты мерекені  емес, әлдебір ауыр күн келе  жатқандай  тымырсықтана қарсы алады. Үкімет жағы әлде неден секем алып, сақтық шараларын күшейте бастайды. Газет-журналдар да алуан түрлі  тақырыптардағы қуаныштан гөрі наз бен сызға толы мақалаларды жариялайды. Интернет беттері талас пен талқының шешілмес ортасына айналады.  Біреу күңіренте құран бағыштап жатса, біреулер еске алу кештерін өткізеді. Ал біреулер Тәуелсіздік қуанышын жырлай бастайды. Бұл кезде билік пен қала жаңа жылдық безендірудің қарбаластығына кіріседі.  Міне, бұл біздің Тәуелсіздік мерекесі күніміздің нақты жағдайы.

Өкініштісі, ресми мереке ретінде белгіленген осы күн жәй халық үшін  мерекелік көңіл-күй сыйлай қоймайтын сияқты сезіледі. Ал мен үшін бұл күн  таяған сайын әлдебір күңгірт тұман мен суық ызғар таяп келе жатқандай сезіледі.  Оған қыстың қақаған суығы мен боранын қосыңыз. Күңгірт тұман – әлі толық ашылмаған «Желтоқсан қозғалысының» сырлы да, мұңлы тарихының белгісі болса керек. Ызғар мен боран – қанқұйлы бодандықтан қалған жара мен өшпенділіктің белгісі  болмақ. «Желтоқсан қозғалысы» тарихи күндерегі мен Тәуелсіздік мерекесінің  қатар келуі  қазақ халқына  үлкен салмақты да ала келетіні күмәнсіз.

Қазанның 25 жұлдызы – тәуелсіздік мерекесі күні болуға лайық.

Қазақ елі өзінің егемендігін          1990 жылы  қазанның 25 жұлдызы қабылдағаны мәлім. Ал әлемге ресми түрде 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызы жариялады. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады: «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып...

Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» - деп 17 бөлімнен тұратын құжатты қабылдады.  

«Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституцияның жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылған»( Самат Сыпатайұлның мақаласынан үзінді).

 

16 желтоқсан қандай күн?

  1. Қазақстан Республикасының ресми Тәуелсіздік күні.
  2. Билік пен қазақтың басы бір күнге сыймайтын күн ретінде де айтуға болады. Тәуелсіздік мерекесі таяған сайын қазақ жастары мен студенттеріне қарата билік тарапынан қысым көбейіп, саяси жиналыстар мен тектеулер қосылады, тіпті жатақхана мен қаладан шығып кету міндеттеліп, қолхат жаздырылатыны  тағы бар. Міне, бұл «Желтоқсанның 16-жұлдызы» билік үшін – қорқыныш пен сақтыққа толы қатерлі күн екенін түсіндіреді. Оған әр жерде топтасып жүрген адамдар тобын аңдыған сақшылардың тірілігін қосыңыз. Солай бола тұрса да, мемлекеттік деңгейде мерекелеуге  құлық тантпайды. Олар үшін жаңа жыл әлде қайда маңызды сияқты...
  3. Жүрегінде ата-баба аманатына деген құрметі ұйыған, Тәуелсіздік бақытының оңай қолға келмегендігінің себебін парасат көзімен қарайтындар үшін   бұл күн –   Тәуелсіздік үшін жан қиған боздақтардың  күресі мен тағдырын еске түсіретін,  қарттарға санат, жастарға сабақ беретін рухани жаңару күні.
  4. Желтоқсан тақсыретін тартып, желтоқсанның суығына тоңып, әділетсіздіктің  отына күйген желтоқсаншылр мен желтоқсаншылардың ізбасарлары үшін  бұл күн - Отан мен ұлттың, намыс пен ардың жолында құрбан болған боздақтарды еске алатын қаралы күн.
  5. Ұлттың қазіргі әр белесін ақыл таразысымен таразылап, амал-ниетімен көрсететін,  ұлт болашағының жолына бей-жай қарамайтын ұлт зиялылары үшін бұл күн – тағы да күрес күні.
  6.  «Ораза намаз тоқтықта» деп, «байтал түгіл бас қайғы» болып жүргендер үшін жәй демалыс күні. Онсыз да қақаған суық пен бораннан сыртқа шыға алмай қалған балаларды қосыңыз. Мерекелік қуанышты сезіне алмаудан ауыр не бар?І
  7. Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып келе жатқан  жетім мереке.

Ал сол тарихи «Желтоқсан қозғалысын» еске алу күні мен Тәуелсіздік күнінің қатар келуі – Қазақстан билік тарапынан болған  үлкен қателік деп есептейтіндер жетіп жатыр.  Біреулер  күңірене құран бағыштап жүрсе, ал біреулердің мәз-мәйрам болып қуанып жүруі ақылға сыймайтын ерсі жағдай екені белгілі.  Ендеше, бұл екі датаны қатар қою –  Тәуелсіздікті қорлау емес пе?

Желтоқсанның қанға толы тарихи күнін Тәуелсіздіктің атаулы мере күніне қатар қоюды  – кек пен рухқа толы Желтоқсан күндерін бүркемелу үшін әдейі ойластырылған, саяси зымяндық ретінде бағалайтындар да толып жүр. Себебі, онсыз да Тәуелсіздік мерекесіне лайықты, салауаты сай келетін күндер бар ғой. Біз бұл жерде 16-желтоқсанда Тәуелсіздікті ресми жарялағанымызды мойындамай отырға жоқпыз. 

Міне, бұл желтоқсан рухын жаңғырту емес, жасыру болып тұр.  Бұл жағынан қарағанда  16 желтоқсанды, тіптен  Тәуелсіздік күнін  жаңа жылдың көлеңкесіне қалдыру – қазақтың рухын жасытуды мақсат еткен, ұрпақтың мақтаныш сезімінің, жауапкершілік сезімінің оянуынан қорқатын әлдебір зымян, қаскөй топтың жымысқы саясаты емес пе деген күмән тудырады. Әйтпесе, сол ғұрлы қорлайтындай не жазығы бар еді?! Қалғанын  қам көңіл  оқырмандар саралай жатар.

Тәуелсіздік мерекесі күнін өзгертсе, 16 желтоқсанның айбыны мен маңызын онан арман биіктетерр еді. Тәуелсіздік мерекесі қазақтың  ең ұлы мерекесі әрі солай болуға тиісті. Ал оны ойдағыдай өткізу және ұйымдастыру мемлекеттің  өтеуге тиісті парызы. Ұлт болашағына, балалар мен жастардың жүрегіне  патриоттық  тәрбие беретін ұлттық идеологияның айырылмас бір бөлегі.

Егемендік туралы декларация қабылданған 25 қазанды Тәуелсіздік мерекесі етіп жарялау керек.  Бұл 16 желтоқсанның салауатын онан арман асырар  еді.

Жұрт  онсызда 16 желтоқсанды «Рухани жаңғыру күні» ретінде қабылдайды да, Тәуелсіздігімізге егіз тағы бір мереке пайда болады. Міне, бұл ұрпақтар жүрегіне Отаншылдық гүлін егетін таптырмас идеологиялық қару болмақ. Оның үстіне Тәуелсіздіктің әлемге  16 желтоқсанда жарялануының өзі – бұл күннің салауатын онан арман асырып,  біздің алдыңғы буын ата-бабаларымыздың аманатына адалдығымыздың, құрметіміздің куәгеріне айналар еді. Бұрынғыша жаңа жылдық шыршалар мен безендірулердің көлеңкесінде қалмайтын еді.  Тәуелсіздік күні де билік пен аяздың, шырша мен аяз атаның қыспағынан құтылар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351