Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1036 0 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 19:36

200-ден астам Құлсарының тұрғыны баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды 

Сурет: qaz365.kz

Құлсары қаласының 209 тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіруге қаражат алды.

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың хабарлауынша бүгінге дейін комиссия 1500-ге жуық үйді бағалау қорытындысын дайындаған.

Қала бойынша 20 мобильді топ қарқынды демалыссыз жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда Құлсары қаласының 209 тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіруге қаражат алды, оның ішінде 47 отбасы тұрғын үй салу немесе сатып алу және 162 адам жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін төлем алды.

"Үйіміз апатты деп танылып, ақшалай өтемақы алу үшін құжаттарды жинап беріңдер деді. 19 мамырда барлық құжаттарды тапсырып, банктен есепшот аштық. Қазірдің өзінде 21 мамырда қаражат аударылды. Біздің баспанаға әділ баға берген жергілікті атқарушы органдарға үлкен алғысымды білдіремін", – Құлсары қаласының тұрғыны Гүлбаршын Қоңырбаева.

Құлсары қаласы тұрғындарының бүлінген мүлкін бағалау жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Abai.kz

 

 

0 пікір