Ресей Өзбекстанда шағын АЭС салады
Ресей Өзбекстанда шағын атом электор станциясын (АЭС) салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Мұндай келісімге Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі келіссөзден соң қол қойды.
Қазір Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінде атом электр станциясы жоқ.
Президенттер кездесуде көші-қон мәселесін де талқылаған. Путин Ресей билігі Өзбекстаннан келген мигранттарды лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге және әлеуметтік жағынан қорғауға қажеттің бәрін істейді деп мәлімдеді. Екі ел басшылары Ресейдің табиғи газын Өзбекстанға ұзақ мерзімде жеткізу жөніндегі келісімді жоғары бағалаған.
Abai.kz