Сенбі, 23 Қараша 2024
1151 5 пікір 5 Маусым, 2024 сағат 16:10

Жолдардың мерзімінен бұрын тозуының себебі анықталды

Сурет: shedevrum.ai

Көлік министрлігі жолдардың мерзімінен бұрын тозуының негізгі себептерін атады. Министрліктің мәліметінше, жүк көліктерінің салмағы рұқсат етілген нормадан екі есе асып түседі. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Елімізде тіркелген 60 мыңға жуық самосвал бар. Ал статистика бойынша, Қытайда өндірілген 40 мыңға жуық самосвал шамадан тыс жүктемемен жалпы пайдаланымдағы жолдарда жүріп, инертті материалдарды тасымалдайды. Осылайша, аталған жүк көліктерінің салмағы рұқсат етілген нормадан екі есе асып түседі.

“Мәселен, рұқсат етілген жүктеме 25 тонна болса, самосвалдар жалпы салмағы 35-40 тонна жүкті тасымалдайды. Бұл жол төсемінің мерзімінен бұрын тозуына әкелетін әрі кері әсер ететін факторлардың бірі. Жол қозғалысына карьерлерде жүретін ауыр жүк көліктерімен қатар автомобиль жолына үлкен салмақ түсіретін өзге де автокөлік құралдары қатысады. Олардың қатарында бетон араластырғыштар, автокрандар және басқа да ауыр автомобильдер бар", – делінген хабарламада.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347