Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
2428 1 пікір 5 Маусым, 2024 сағат 14:20

Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер президенттері саммитке қатысады

Сурет: egemen.kz

Биылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 3-4 шілде күндері Астанада өтеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Ақорда мәліметінше, жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Іс-шараға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 977
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1329