Сенбі, 17 Қазан 2026
2169 2 пікір 10 Маусым, 2024 сағат 14:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия халқын құттықтады

Сурет: world-card.ru

Бүгін – Португалия күні! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны және барша португал халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Abai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Отаныңыз әрі қарай қарыштап өркендеуіне, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта елдеріміздің игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаға зор денсаулық, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас португал халқына құт-береке тіледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1044
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1396