Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2200 0 пікір 17 Маусым, 2024 сағат 14:45

Қазақстанда есірткі зертханаларының желісі жойылды

Сурет: astanatv.kz

Еліміздің төрт өңірінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Abai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер бір мезетте бірқатар өңірде операция жүргізді. Нәтижесінде, Өскеменде жиһаз бизнесінің атын жамылып, синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қойманы жалға алып, жабдықтар мен химиялық заттар әкелген.

"Ұстау кезінде 1,5 келіге жуық дайын есірткі, бір жарым тонна прекурсор, сонымен қатар зертханалық және буып-түюге арналған жабдықтар тәркіленді. Тексеруден кейін оның Қостанай, Петропавл қалалары және Алматы облысындағы ұқсас зертханалармен байланысы бар екені анықталды. Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің қозғалыс маршруты және күн тәртібін бақылауда ұстады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Рудныйда да жалдамалы үйдің моншасын зертхана етіп жабдықтаған екі адам ұсталды.

"Алматы облысында мефедрон өндірісімен айналысқан тағы екі күдікті ұсталды. Өндірістің соңғы сатысындағы есірткі, прекурсорлар және жабдықтар тәркіленді. Тергеу кезінде ұсталғандар есірткі жасырылған он жерді көрсетіп, жалпы салмағы шамамен 3 келіден асатын есірткі анықталды. Жалпы қала көшелеріне синтетикалық есірткінің 11 мыңға жуық дозасының таралуына тосқауыл қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келіден астам синтетика заңсыз айналымға жіберілмеді, 4 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. ІІМ қоғам қауіпсіздігіне бейжай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыратын болады. Бірлесіп қана біз қалаларды қауіпсіз етіп, балаларды есірткі қаупінен қорғай аламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 735
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2038
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 513
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 486