Жұма, 16 Қазан 2026
2137 0 пікір 20 Маусым, 2024 сағат 14:07

Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау басталды

Сурет: vuz24.ru

Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау басталды. Емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына өтініш бере алатындығын хабарлады.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық пен бір жоғары оқу орнын таңдай алады. Ал ақылы негізде түсу үшін басқа ЖОО-да тапсырған емтихан нәтижесін қолдануға болады.

Емтихандар офлайн форматта болады.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1034
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1386