Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1420 3 пікір 27 Маусым, 2024 сағат 14:29

Енді түрмедегі тұтқындар университетте білім алуы мүмкін

Елімізде бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырған адамдар да жоғары оқу орындарында білім алуы мүмкін.

Қазіргі таңда Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Ғылым және жоғары білім министрінен сотталушыларға оқу квотасын бөлуді сұрап отыр.

Артур Ластаевтың мәліметінше, жазасын өтеушілердің дені 18-35 жас аралығындағы жастар. Оған қоса, қамаудағы 28 500 адамның 59 пайызы орта, 24 пайызы арнаулы орта білімді, 6 пайызы мүлдем білім алмаған. Сондықтан оларды дұрыс жолға бейімдеудің бірден бір бағыты - мамандық алуларына мүмкіндік жасау дейді.

"Жоғары білім алу – сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін өз мүмкіндіктерін іске асыру тиімділігін арттыруға жол ашатын, сол арқылы қайта қылмыс жасау ықтималдығын азайтып, әлеуметтендіруге арналған бағыттардың бірі. Сонымен қатар мемлекеттің міндеті – сотталғандарды түзеу мекемесінен тыс өмірге дайындау", – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Сурет: dzen.ru

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3310
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5944