Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Тамыр 2682 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 18:11

Астанадағы V көшпенділер ойындары: Дайындық жалғасуда

Коллаж суреттері ҚР Туризм және спорт министрлігі телеграм арнасынан алынды

Қазақстан және Қырғызстан спорт министрлерінің кездесуі: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жалғасуда. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлады. 

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Шыңғыс Есенгүл уулумен кездесті. Ермек Маржықпаев қырғызстандық әріптесіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, биылғы спорттық жарысқа әлемнің 89 елі қатысуға өтініш білдіргенін атап өтті.

«Ойындарға дайындық аясында «Қырғыз Республикасының балалар олимпиадалық ауылы» қоғамдық бірлестігі, құқық иесімен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» логотипі мен брендін өтеусіз пайдалануға лицензиялық келісім жасалды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (ДКО) Хатшылығының Бішкек кеңсесінің ұсыныстарына сәйкес, біз ойындарды өткізу дәстүрін сақтауға бағытталған бірқатар міндетті талапты ескердік. Соның ішінде ДКО-ның логотипінде көшпенділердің қасиетті символы ретінде су элементін сақтап қалдық», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.

Ермек Маржықпаев Ойындардың ашылу салтанатында спортшылар шеруін Қырғыз Республикасының өкілдері бастайтынын жеткізді. Сондай-ақ атақты қырғыз композиторы Эмиль Кенжекулов жазған әнұран орындалады. Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрінен өтіп, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет және ғылым бағытындағы оқиғаларды қамтиды. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енеді және 8-13 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Елордаға 2000-нан астам спортшылар мен ресми тұлғалар, 100 мыңнан астам туристер келеді деп күтілуде. Ойындарды дайындау мен өткізуге 1000 ерікті жұмылдырылады деп жоспарлануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1356
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2937
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 949