Жексенбі, 24 Қараша 2024
1199 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 18:15

Қазақстан: 7 волонтер БҰҰ-да тағылымдамадан өтеді

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі телеграм арнасынан алынды

7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы (БҰҰ) арасындағы келісім аясында жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдарында (UNFPA, UN Women, UNDP, UN ESSCAP, IOM) тағылымдамадан өтеді. Олар 266 үміткердің арасынан конкурстық негізде іріктелді. Үш жыл бойы волонтерлер Кения, Тайланд және Түркияда жұмыс істейді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар волонтерлік қызмет саласындағы әлемдік оң тәжірибені Қазақстанда одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық волонтерлері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімге қол қойған еді.

Нәтижесінде 7 қазақстандық әлемнің әртүрлі елінде (Кения, Иордания, Түркия және Таиланд) өздерінің волонтерлік қызметін сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде 6 волонтер бүкіл әлем бойынша БҰҰ құрылымдарына жұмысқа шақырылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570