Жексенбі, 24 Қараша 2024
1286 0 пікір 3 Шілде, 2024 сағат 11:36

Су тасқыны: Үкімет бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

Сурет: syrboyi.kz

Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Abai.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің тапсырмасымен үкімет су тасқыны салдарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ішінде азаматтарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету, біржолғы қаржылық көмек көрсету, үйлерді жөндеу мен қалпына келтіру шығындарын өтеу бар.

Қазіргі таңда зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды. Өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.

Әкімдіктердің бағалауынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар. Бүгінде бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі.

Осылайша, Үкімет резервінен 12 миллиард теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмыс үкімет басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570