Әзербайжан президенті Астанаға келді
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді, деп хабарлайды Abai.kz.
Президентті Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды. Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді.
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.
Бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылып, қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілген.
Abai.kz