Жексенбі, 24 Қараша 2024
1347 19 пікір 10 Шілде, 2024 сағат 11:28

Қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасы әзірленеді

Үкімет қаулысында қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасын әзірлеу мақсатында Республикалық орфография комиссиясын құру жоспарланып отырғаны жарияланды. Комиссия құрылымы қазіргі таңда қоғамдық талқыға ұсынылып отыр. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

 "Қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе. Қазақ тілінің орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссияны құру қажет. Бұл міндет Үкіметтің №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын көзделген", – делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.

Комиссия құруға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болады. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар кірмек.

Сурет: tengrinews.kz

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592