Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1354 1 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 15:27

Бишімбаевтың түрмедегі өмірі қандай?

Сурет: el.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен, азаптау бабымен өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған болатын.

Ол «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұрынғы экономика министрі жемқорлық бабы бойынша да заңға тартылды.

Қуандық Бишімбаевтің қазіргі жағдайы туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

«Сотталған Бишімбаев әлі колонияға кеткен жоқ. Бүгін-ертең осы мәселе шешіліп, ол түрмеге түседі. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға аттанады», - деді Жәнібеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.

Ол Қуандық Бишімбаевтың абақтыда қандай жұмыс істей алатынын түсіндірді.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыратынымыз рас. Бізде әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнына байланысты. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа барады», - деді Жәнібеков.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618