Жексенбі, 24 Қараша 2024
581 0 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 11:06

Атырау облысында шегіртке қаптап, шаруалар дабыл қағуда

Сурет: egemen.kz

Тасқын су мен аптап ыстық шегірткенің қаптауына себепші дейді жауаптылар.

Атырауда шегірткелер шаруалардың жұмысын тоқтатып, егістік алқаптарды жайпап, ауладағы бау-бақшаны отап жатыр. Жағдайдың у шыққаны сонша,  залалсыздандыру жұмыстары да көмектеспей отыр.

"Биылғы жылы бізге үлкен кедергі көрсетіп тұрған шегіртке ауданды басып алды. Сол шегіртке үлкен зиян әкеп тұр егінге. Кеше отырғызған қияр, сәбіз, пияз, қарбыздың бәрін жеп қойды. У шашылды, бірақ қайта пайда болды. Шегіртке әлі кетпей тұр. Қалай күресу керек білмейміз. Үкімет тарапынан көмек болса", – деді шаруа Сандуғаш Жармұхамбетова. 

Қазір өңірде жәндіктің италиялық және азиялық түрлері кең тараған. Биыл бұл шаруаға облыс бюджетінен 58 миллион теңге бөлінген екен.

"Саяқ шегірткелері 12 жылда бір рет қатты таралады. Биыл сол шарықтау шегіне келіп тұр. Екінші себеп – су тасқыны. Осының себебінен қалаған жақын жерлерге, елдімекендерге кіріп, қолайсыздық тудырып жатыр", – деді Атырау облыстық антисанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Хамидолла Дәулетқалиев.

Мамандар шегірткелер далалық аймақта дернәсіл салатын жайлы мекен іздейтінін айтады. Яғни зиянкестер таңдаған жер – табиғи тыңайтқыш. Бірақ биыл шегірткеге азық болған жерге келер жылы шөп шүйгін шығады деген болжам бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606