Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3975 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 05:00

Қазақ тілді сайттар қанат жайып келеді

Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» «Мінбер», «Назар», «Алтын Орда» сайттарының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Бүгінгі таңда адамзат баласының тыныс-тіршілігін интернетсіз елестету мүмкін болмай барады. Алайда, инернет-журналистиканың еліміздегі ақпарат кеңістігінде адымы ашылмай тұрғаны белгілі. Міне, осы олқылықты жою мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қоры біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Соның бірі ретінде қазақ тілді интернет сайттарын қолдау барысындағы нәтижелі еңбектерді атауға  әбден болады. Таяуда «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қорының  жәрдемімен үш бірдей интернет сайты өмірге келді.

Олар: «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, қазақтілді БАҚ-та жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып басатын «Алтын Орда» интернет газеті және қазақ журналистерінің қоғамдық қоры ашып отырған «Назар» (zamandas.kz) интернет газеті.

«Бүгінде қазақтың электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді баспасөзі дамығанмен интернет журналистикасы өз деңгейінде емес.  Соның салдарынан болса керек, қазақтілді аудитория орыс газеттері мен интернет сайттарына жүгініп, ақпаратты солардан алуға мәжбүр. Аталған сайттардың негізгі мақсаты жоғарыда айтылған олқылықтардың орнын толтыру болып табылады.  Өз кезегінде үш сайт та қазақ интернет журналистикасын дамытуға үлес қосып, осы салада өз қолтаңбаларын қалдырады деген сенімдеміз», - дейді баспасөз мәслихатын өткізген әріптестеріміз.

Баспасөз мәслихатында «Мінбер», «Алтын Орда», «zamandas.kz» сайтының жеткшілері қатысып сөз сөйледі.

-  Қазақ тілінде сайт ашудың пәлендей қиындығы жоқ екен. Оқырман аудиториясы да қалыптасып үлгеріпті, - деді баспасөз мәслихатының барысында «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» директоры, abai. kz ақпарттық порталының қызметін үйлестіруші Айдос Сарым мырза.

-  Біз, қазақтілді интернет сайттарының жұмысын жолға қойып бастаған журналистер, арзан атаққа ұмтылатын бәсекелес емес, алдымен тілеуқор әріптеспіз, - деді белгілі журналист, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін ұйымдастырушылардың бірі Есенгүл Кәпқызы abai. kz ақпарттық порталының тілшісіне.

Әріптестерімізге біз ақпарат кеңістігінде зор абройға ие бола беріңдер деп тілейміз.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105