Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Билік 2243 0 пікір 24 Шілде, 2024 сағат 15:47

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1081
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 755
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 724