Жексенбі, 24 Қараша 2024
982 0 пікір 24 Шілде, 2024 сағат 22:42

Жансая Өмірбекова: Еріктілік - жүрек қалауы

Коллаж: Abai.kz

Алматы қаласында волонтер жастардың қатары күн санап артып келеді. Көмек қолын ұсынудан аянбайтын белсенді жастардың жұмысы қуантпай қоймайды. Алматыда осындай игі істерімен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген «Клуб Добряков Алматы» еріктілер тобы жұмыс істейді. Abai.kz тілшісі осы еріктілер тобының үйлестірушісі Жансая Өмірбековамен сұхбаттасып, еріктілердің жұмысымен танысты.

- Жансая Өмірбекқызы, «Клуб Добряков Алматы» волонтерлік қозғалысы немен айналысады? Клубты ашуға не түрткі болды?

- «Клуб Добряков» волонтерлік ұйымының негізін Астана қаласында Гүлмира Әбдірашева қалаған. Ал Алматыда ұйымның жұмысы 2015 жылы қыркүйек айында құрылды. Мадина Мырзахметованың бастамасымен «Клуб добряков Алматы» ұйымы жұмысын бастады. Содан  бері клуб белсенді түрде жұмыс істейді. Мен сіздерге ұйымның негізгі  4 бағытын айтып берейін. Олар:

Біріншісі - «Бес асыл»бағыты. Бұл бағыт тұрмыс тауқыметін тартақан  отбасындағы балалардың біліміне бағытталған. Мұнда  балалар спорт, музыка сияқты қосымша үйірмелерге қатысады. Біз жағдайы төмен бірақ өнер мен спортқа жақын балаларға мүмкіндік бергіміз келеді.

Екіншісі -  «Ит пен мысық» жобасы. Өздеріңіз білесіздер қазір қараусыз қалған  үйсіз жануарлары көп. Клуб осындай жануарлаға қамқорлық жасауды көздейді.

Үшінші - «Эко добряк» бағыты. Аты айтып тұрғандай қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Төртінші - «Қасиет» - жалғыз қалған қарттарға көңіл бөлу мақсатында құрылған жоба. Жоба шеңберінде апта сайын қарттарға ыстық тағам тарату қарастырылған.

- Бүгінде клубта қанша волонтер бар, биыл қандай іс-шараларды өткіздіңіздер?

- Қазір бізде ұйымда 100-ден астам волонтер бар. Ал тұрақты  түрде еріктілікпен айналысатыны 30-дан асады. Біздің волонтерлардың барлығының негізгі жұмысы бар. Олар өздерінің бос уақыттарын еріктілікке арнайды. Әрқайсысы ерікті болу арқылы қоғамға пайдасын тигізгісі келеді. Біз қала әкімдігімен, әлеуметтік орталықтармен тікелей жұмыс істейміз.  Биыл жоғарыда аталған бағыттар бойынша нақты іс-шаралар өтті. Енді алдағы оқу жылына тұрмысы төмен отбасылардың балаларын мектепке дайындауға атсалыспақпыз. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып 100-ден астам отбасының балаларына қуаныш сыйламақшымыз.

- Волонтерлік жұмыс кезіндегі ерекше оқиғамен бөліссеңіз?

- Биыл менің «Клуб добряков Алматы» ұйымында жүргеніме 7 жыл. Бұл аралықта көптеген естен кетпес оқиғалар орын алды. Ерекше есімде қалғаны лосыдан 4-5 жыл бұрын біз Алматыдағы алпинист атаның үйінен үш камаз қоқыс шығардық. Үйінің кіре берісінен төріне дейін қоқыс үйіндісін жинаған. Атаның көршілері қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасына арыз түсірген. Әкімдік тарапынан біз секілді бірнеше волонтерлік ұйымға өтініш түсіпті. Бірден командамызбен кірісіп, атаның үйін тазаладық. Негізінен біздің әрбір ісіміз эмоциясыз өтпейді. Ең басты - мақсатымыз қаламыздың дамуына, тазалығына, ондағы мұқтаж адамдарға титтей де болса көмек ұсынғымыз келеді. Қаламызда волонтерлік жақсы дамыған. Әсіресе студенттер белсенді атсалысады.

- Волонтерлікті танымал ету үшін әлі де не істеуіміз керек деп ойлайсыз?

- Біздің елімізде волонтерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау бар. Әсіресе пандемия кезінде еріктілердің жұмыла істеген жұмыстары көпшілікке үлгі болды. Содан бері волонтер болғысы келетін жастарымыздың да қатары артты. Алматы қаласында еріктілер клубының ортақ фронт офисі бар. Орталыққа жиналып басқа да волонтерлік ұйымдармен етене араласып, арман мақсаттарымызды айқындап, өзара тәжірибе алмасамыз. 

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576