Жұма, 23 Мамыр 2025
1108 0 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 15:37

Майқайыңдағы апат кезінде жоғалған автобус табылды

Төтенше жағдайлар минситрілігі

Павлодар облыстық әкімдігі "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта басталды.

Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.

"Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болды, бампері мен доңғалағы ғана көрінді", – делінген хабарламада.

55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2836
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4571