Жексенбі, 8 Қыркүйек 2024
885 0 пікір 26 Шілде, 2024 сағат 10:06

Париж-2024: Бүгін Олимпиада басталады!

Сурет: olympic.kz

Бүгін Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көре аласыздар. Астана уақыты бойынша басталуы 22:30-да.

Олимпиаданы бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді.

Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты алғаш рет ерекше басталмақ. Әдеттегідей ашылу салтанаты стадионда емес, барлық қатысушы 10500 спортшы Сена өзенінің бойында жүзіп өтіп, Париждің орталығын кесіп өтпек.

Париждегі Олимпиадада Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді: турнирге қатысу үшін спорттың 25 түрінен 93 лицензия бар. Бастапқыда Қазақстанның атынан 80 спортшы қатысады деп жоспарланған болатын, алайда Олимпиада ойындарының ресми басталуы қарсаңында медальға басты үміткерлердің бірі — теннисші Елена Рыбакинаның бас тартқаны белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір