Жексенбі, 24 Қараша 2024
968 0 пікір 31 Шілде, 2024 сағат 13:46

Қазақстан ұрғашы мал экспортына тыйым салмақ

Сурет: Википедиядан алынды

Ашық НҚА порталында аналық ірі қараның (сиыр) және ұсақ малдың (қой-ешкі) экспортына 6 айға тыйым салуды жоспарлап отырғаны жарияланды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Тыйым мемлекет басшысының 3 жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу бойынша міндетін орындау үшін енгізілмек. 

Мамандар елімізде ірі қара және ұсақ мал басы өсіп келе жатқанын атап өткен. 

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы мал шаруашылығы өнімінің көлемі 3,3 пайызға өсіп, 4 319,7 миллиард теңгені құрады. Сойыс салмағында ет өндіру 5 пайызға (1302,6 мың тонна), тірі салмақта ет 4,6 пайызға (2265,5 мың тонна) өсті. Сондай-ақ, ірі қара мал басының 0,8 пайызға (8,6 млн бас), қой 1,2 пайызға (19,7 млн бас) өсімі байқалады. Соңғы жылдары отандық өндіріс есебінен шұжық өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу 60 пайыздан кем емес (2022 жылы – 61 пайыз, 2023 жылы – 60 пайыз)", – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің жазбасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568