Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 1602 5 пікір 2 Тамыз, 2024 сағат 13:00

Министрлік: Уақыт белдеуі өзгермейді

Фото: ulysmedia.kz

Уақыт белдеуін бұрынғы режимге қайтару туралы петицияны талқылау кезінде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев жауапты мемлекеттік органның алдын ала шешімін жариялады, деп хабарлайды Abai.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

2 сағаттан астам уақытқа созылған жиында екі тарап ортақ шешімге келе алмады. Отырыстың төрағасы ретінде сөз алған Қайрат Балықбаев петиция талабына байланысты шешім жобасын жариялады.

Дегенмен ол бұл айтылған шешім тек жоспар ғана екенін, нақты шешім еместігін ескертті.

«Мен алдын ала шешімді айтайын деп отырмын. Уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы петиция өкілдерінің уәждерін талқылай келіп, ол талапты орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға бекініп отырмыз. Мен бүгінгі жиынның төрағасы ретінде осы 1,5 ай ішінде сіздер атқарған бүкіл жұмыстың қорытындысы бойынша өтінім берушілер келтірген уәждердің ешбірін дәлелдейтін фактілер табылған жоқ. Уақыт белдеуінің өзгеруі азаматтардың денсаулығына да, электр қуатын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ», - деді вице-министр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006