Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа түсті
Өзінің әйелін өлтірді деп сотталған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді, деп жазады orda.kz.
Сот хаттамалары істің судьяға 5 тамызда тағайындалғанын көрсетеді.
Бишімбаев өткен жылдың 9 қарашасында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Маусым айында сот оны аса қатыгездікпен және азаптаумен өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Шілде айында жазасын өтеп жатқан жеріне ауыстырылды.
Үкімді күшінде қалдырған апелляциялық сот алқасының шешімінен кейін адвокат Назкен Құсайынова сот үкімін заңсыз деп тауып, қайта шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді.
Abai.kz