Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3664 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 18:47

Таңат Нөсербаев: Жеңіліске жігерсіздік таныту жігіттің ісі емес

Қазақ футболының қарқыны қанша төмен десек те, ала допты аяғында ойнататын жастар жоқ емес. Кезекті жеңіліске куә болып, стадионнан көңілсіз қайтқан күннің өзінде келешекке иек артып, еңсемізді тік ұстайтын кезді ертеңнен күтеміз. Әлемдік футболдағы мәртебесі асқақ ағылшын, испан чемпионаттарын қоспағанда, біздің премьерадан бәсі жоғары біріншіліктерде бақ сынауға тиіс бір футболшы бар. Бернд Шторк бапкер болғалы саптан шығып көрмеген ол жанкүйерлер арасында да аса құрметті. Таңат Нөсербаев. Біздің бүгінгі сұхбаттың басты кейіпкері - шымкенттік «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының белді ойыншысы.

- Таңат, сенің Швейцариялық «Янг Бойз» клубының жаттығу жиынына қатысқаныңды білеміз. Айтулы сын қалай өтті? Бапкерлер көңілінен шықтың ба?

- Мен ол жақтан жақында оралдым. «Янг Бойз» клубы сол елдің әйгілі «Базелін» тізе бүктіріп, алдыңғы орында келеді. Екі команда арасындағы ұпай саны да алғашқысының пайдасына қарай ұлғайып барады. Жаттығу жиындары ойдағыдай өтті, қанша дегенмен Еуропаның аты - Еуропа ғой. Шеберлігіңді шыңдап, мықтылар қатарына қосылуға мүмкіндік бар. Дегенмен, соңғы сөз өзімде болатын. Мен айтқан ұсынысқа олардың келісіңкіремейтінін біліп, елге қайтып кеттім. Оның үстіне, клубтың ең үздік шабуылшыларының бірі Думбияның трансфері жүзеге аспай қалды. Жоспар бойынша, мен оны алмастыруым керек еді.

- «Ордабасы» басшылығының сені тек шетелдік клубқа қана сатамыз деген сөзі шындыққа айналуы мүмкін ғой... Қазақстандық футбол ұжымдарында доп тепкің келмей ме?

- Әрине, мүмкін! Бәрі Алланың қолында. Еліміздің  көшбасшы командаларында ойнап, Еурокубок жолындағы жарыстарға қатысқым келеді. Бұл тәжірибе жинауда да үлкен роль атқарады.

- Сенің ойыңша, футболда біздің елдің зор табысқа жете алмауына басты себептер не? Футболшылар дарынсыз ба, бапкерлер біліксіз бе, әлде дұрыс мектептер жоқ па?

- Бұл жерде барлығы да қаржыға байланысты. Бөле-жарып біреулерге кінә артудан аулақпын, бірақ біздің футбол дұрыс дамуы үшін балалардың осы спортпен жүйелі түрде шұғылдануына жағдай жасау керек. Жас кезінде жақсы дайындалған баладан білікті футболшы шығады. Сонымен қатар, ойын алаңдарының сапасын арттыру да күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.

- Шетелден футболшылар мен бапкер шақыру барлық елде бар үрдіс. Бірақ, біздің біріншілікке өзге елге керек болмай қалған ойыншылар келеді деген пікірге қалай қарайсың?

- Мен барлық легионерлерге топырақ шашпаймын. Арасында аяқдопты жоғары дәрежеде меңгергендері де бар. Егер клубыңда білікті легионер болса сен оғап қарап бой түзейсің, біраз нәрсе үйренесің. Сенің кәсіби футболшы ретінде дамуыңа көп септігін тигізеді. Ал пайдасы жоқ келімсектер туралы ештеңе айта алмаймын.

- Таңат, сенің ұлттық құрамадағы алғашқы ойының анау-мынау емес, әйгілі Англиямен өтті. Ең бірінші естігенде қандай ойда болдың?

- Басында біраз қобалжығаным рас. Қанша айтқанмен, футболды ойлап тапқан халықтың өкілдерімен доп тебесің. Бірақ, жасыл алаңға шыққанда барлығын  ұмытып кеттім. Олар да өзіміз сияқты адам ғой, екі қол, екі аяғы бар. Айырмашылығы, атақ-даңқтары жер жарып тұр. Дүниенің кез-келген бұрышында олардың есімдері жатқа айтылады.

- Қазақстан құрамасын қолға алғалы бері Бернд Шторкке қатысты тек жағымсыз пікірлер айтылуда. Бапкер ретінде ол саған ұнай ма? Неміс маманының жүргізіп жатқан тесттері қандай нәтиже беруде?

- Бернд Шторктың жаттықтыруы көңілімнен шығады. Ол жүргізіп жатқан тесттердің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Біз футболда Еуропадан, тіпті Азия елдерінен де артта келеміз. Сол олқылықтардың орнын толтыру үшін барымызды салудамыз.

- Соңғы кезде біздің құрама ірі есеппен жеңілуін тоқтатар емес. Таблодағы жіберген голдар санын көріп, бәріне қолыңды бір сілтеп, кеткің келетін кезің болды ма?

- Жоқ, ондай болған емес! Мұндай жігерсіздік таныту ер жігіттің ісі деп білмеймін. Қиындыққа төзе алмасаң, әуел бастан футболға келмеу керек. Ал, үлкен ойынның мүшесі болғаннан кейін намысың қолды бір сілтеуге еш мүмкіндік бермейді. Менің ойымша, футболда биікті бағындыру үшін тек еңбектену қажет.

- Сатып алынған матчтарда ойнап көрдіңіз бе?

- Жоқ, Құдай сақтасын! Мұндай өмірімде кездескен емес. Мүлде кездеспейді деп ойлаймын.

- Ел біріншілігі мәреге жетіп, өзің секілді ойнаған футболшылар жеңіс тойын тойлап, чемпион атанғанда не ойда боласың? Сенің командаң да 30 тур бойына тер төкті ғой...

- Әрине, чемпион команда үшін тек қуанамын. Футболдағы мықтылығыңды тек алаңда ғана дәлелдейсің. Бар қайратыңды жасыл алаңда көрсетіп қал, болды.  Ал ойын біткесін әңгіме айтып, алаң сыртында қарсыластың артынан сөз ергізу немесе қызғану - мен жасайтын жұмыс емес. Орыстарда, «төбелестен соң, қол жұмсамайды» дейді.

- Болашақта бапкер болғың келмей ме?

- Жоқ, жақсы футболшы болып, Еуропа алаңында ойнасам деймін.

- Қазақ футболындағы кімдерді өзіңе үлгі санайсың?

- Қазіргі біздің футболдың беткеұстарлары  - Нұрбол Жұмасқалиев, Сымат Сымақов, Руслан Балтиевтарды сыйлаймын. Жасыл алаңда да, өмірде де адамгершілігі мол, жақсы азаматтар.

- Өзіңнің отбасың туралы не айтасың?

- Менің футболға түбегейлі бет бұруыма басты себепкер - әкем. Аулада доп тебуден басталған қызығушылығымды жасыл алаңда жалғастыруыма көп көмегін тигізді. Отбасымда ата-анам мен екі қарындасым бар.

Сұхбаттасқан Ақырыс Сейтқазы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379